NVIDIA кейс-стади: жасанды интеллект рекордтық пайда әкелді, бұл жолды кім қайталай алады?

NVIDIA кейс-стади: жасанды интеллект рекордтық пайда әкелді, бұл жолды кім қайталай алады?

Freedom Finance Global компаниясының талдаушыларытабысты да, болашағы зор компаниялардың қызықтыжағдайларына талдау жасап, сондай-ақ индустрияғажаңадан келуші қандай компаниялардың осындаймүмкіндігі бар екенін одан әрі болжауда. Мұндайаналитикалық шолу NVIDIA компаниясыныңтрансформациясына, оның стратегиялық шешімдерінежәне нарыққа ықпалына, сондай-ақ компанияның жәнеонымен байланысты жоғары технологиялық салалардыңөсу перспективаларына арналған.

1993 жылы құрылған NVIDIA компаниясы 1999 жылыәлемдегі алғашқы GPU-GeForce 256 процессорыненгізді. Компания графикалық процессорлардыңмүмкіндіктерін қайта қарастыра отырып, олардыңжасанды интеллект пен машиналық оқыту әлеуетінашты, бұл жағдай оның технологиялық көшбасшылығынанегізгі қадамы болды.

Негізгі шешімдер

● Жасанды интеллектке және терең оқытуға ауысу. 2012 жылы NVIDIA компаниясы есептеулердіжеделдету үшін GPU процессорын пайдалануғамүмкіндік беретін CUDA платформасын іске қосты. Бұл жасанды интеллект технологиясының дамуынанегіз болды.

● Арнайы чиптер әзірлеу. 2016 жылы компания жасанды интеллект тапсырмалары үшіноңтайландырылған Tesla P100 – алғашқы GPU процессорын ұсынды, бұл жағдай ірі технологиялықойыншылардың назарын аудартты.

● Стратегиялық серіктестіктер. Google, Amazon жәнеMicrosoft сияқты алпауыт компанияларменынтымақтастық NVIDIA компаниясының GPU процессорын бұлтты платформалар мен технологиялық стектерге біріктіруді қамтамасыз етті.

2021-2025 жылдар аралығында NVIDIA компаниясыныңтүсімі жасанды интеллекттің дамуы есебінен 16,7 млрд АҚШ долларынан 130,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Графиканың үлесі 59%-дан (9,8 млрд) 11%-ға (14,3 млрд) дейін азайды, ал есептеулер мен желілер 41%-дан (6,8 млрд) 89%-ға (116,2 млрд) дейін өсті. Жалпы маржа 62,3%-дан 75,0%-ға дейін, операциялық маржа 27,2%-дан 62,4%-ға дейін және таза пайда 4,3 млрд-тан 72,9 млрд-қа дейін өсті. Бұл өзгерістер NVIDIA компаниясының жасанды интеллект чиптерінестратегиялық назарын, табыстылықтың өсуін жәнемасштабтауды растап отыр.

2025 қаржы жылындағы түсімнің құрылымы.

2021 қаржы жылындағы түсімнің құрылымы

Нарыққа ықпалы

NVIDIA компаниясы графикалық технологияны жетілдіріпқана қоймай, сондай-ақ жалпы есептеу тәсілін өзгертті. Оның GPU процессорлары нейрондық желілердіоқытудың негізі болды, бұл жағдай жасанды интеллекттіңжәне онымен байланысты салалардың дамуындасерпіліс тудырды.

Негізгі жетістіктері:

● Жасанды интеллекттегі көшбасшылығы: IDC компаниясының деректері бойынша, NVIDIA компаниясы жасанды интеллект тапсырмалары үшінGPU нарығының 80%-дан астамын бақылайды.

● Дата орталықтары үшін чиптерге деген сұраныстыңөсуі: 2023 жылы дата орталықтары үшін GPU дегенсұраныс 154%-ға өсті, бұл жағдай жасандыинтеллект үшін есептеу қуатының қажеттілігінкөрсетеді.

● Автономды жүргізудегі инновация: NVIDIA DRIVE платформасы Tesla, MercedesBenz және басқакөліктерде қолданылады, бұл компанияныңавтомобиль индустриясындағы рөлін нығайтады.

Қаржы нәтижелері

NVIDIA компаниясы жасанды интеллект индустриясындаүстемдік етіп, үлкен көрсеткішпен өсуде: 2023 жылғыекінші тоқсанда түсім екі есеге өсіп, 13,51 млрд АҚШ долларына жетті, ал ChatGPT іске қосылғаннан кейінGPU процессорына деген сұраныстың арқасындаакцияға шаққандағы пайда 854%-ға өсті. Үшінші тоқсандатүсім 18,12 млрд АҚШ долларына жетті (жылына +206%), акцияға шаққандағы пайда 12 есеге өсті, ал акциялар2023 жылы 19-20 АҚШ долларынан 2025 жылы 146 АҚШ долларына дейін өсіп, капиталдандыруды 3 трлн АҚШ долларына дейін көтерді.

Бәсең өсуіне қарамастан (2025 жылғы төртінші тоқсанда+78%), NVIDIA компаниясының GPU және дата орталықтарына деген сұраныстың арқасындамықтылығын сақтайды: сегменттің түсімі 115,2 млрд АҚШ долларына жетті (жылына +142%). Blackwellархитектурасының іске қосылуы миллиардтағандолларлық сатылымды қамтамасыз етті, ал Дженсен Хуангтың айтуынша, сұраныс «тым жоғары» болып қалабереді.

AWS, Google Cloud және Microsoft Azure сервистеріменсеріктестік тұрақты тапсырыс ағынын қамтамасыз етеді, ал Spectrum-X платформасын Cisco және Verizon компаниясымен интеграциялау NVIDIA-ныңкорпоративтік сегменттегі орнын нығайтады. Соныменқатар, компания жасанды интеллект нарығында өсумүмкіндіктерін кеңейте отырып, GeForce RTX 50 процессорымен тұтынушылық бағытты дамытады.

Келесі тоқсанға болжам

2026 қаржы жылының бірінші тоқсанында NVIDIA орташаболжамнан (42,3 млрд АҚШ доллары) асатын, бірақоптимистік бағалаудан (48 млрд АҚШ доллары) төменболатын 43 млрд АҚШ долларын құрайтын (±2%) кірістіболжайды. Өсім орнықты болып қалады, дегенменжалпы маржа өндіріс пен ҒЗТКЖ-ға құйылатынинвестицияларға байланысты төмендеуі мүмкін.

● Дата орталықтары өсудің негізгі драйвері болыптабылады. Күтілетін кіріс Blackwell-ге деген сұраныспен бұлтты провайдерлермен серіктестіктің кеңеюінебайланысты 38-40 млрд АҚШ долларын құрайды.

● Blackwell - бұл желінің сәтті басталуы. Егер өндірісқарқыны сақталса, сатылым 15-20 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.

● Ойын сегменті - болжам орташа, 2,7-3 млрд АҚШ доллары. RTX 50 Series процессорының іскеқосылуы сұранысты қолдай алады, бірақбәсекелестік пен бар назардың жасандыинтеллектке ауысуы мүмкіндікті шектейді.

NVIDIA 2026 жылғы бірінші тоқсанға арналған нақтыболжамды көрсете отырып, жасанды интеллект дәуіріндеөз орнын сенімді түрде нығайтуда. Алайда, инвесторларәртараптандыру мен орнықты өсуге сүйене отырып, компания үлкен үмітті ақтай алатынын бақылауы керек.

Жасанды интеллекттің және чиптердің стратегиялықмәні

NVIDIA компаниясының жасанды интеллект чиптерінеқұйған инвестициясы оның бәсекелестікартықшылықтарын арттырады: Hopper платформасымен Blackwell чипі (2024) алдыңғы буындарменсалыстырғанда өнімділікті 4 есеге арттырды.

Негізгі жетістіктері: 

● Жасанды интеллект чиптерінен түсетін түсімнің өсуі: жасанды интеллект чиптерінен түсетін кірістер 20 млрд АҚШ долларына жетті, бір жыл ішінде 200%-ғаөсті.

● OpenAI-мен серіктестік: GPU процессорын ChatGPT платформасына интергациялау NVIDIA компаниясының есептеу қуаттылығына дегенсұранысты едәуір арттырды.

● Суперкомпьютерлердегі көшбасшылық: әлемдегі еңқуатты 500 суперкомпьютердің 70%-ы NVIDIA компаниясының GPU процессорын пайдаланады.

Компанияның серпініне әсер ететін негізгі сын-қатерлер:

● AMD және Intel процессорларының бәсекелестігі: екібәсекелес процессор да жасанды интеллект үшінбелсенді түрде өз GPU процессорларын дамытуда, бұл жағдай NVIDIA-ның нарықтағы үлесіне қауіптөндіруі мүмкін.

● Жеткізілімге тәуелділік: жартылай өткізгіштапшылығы және логистикаға қатысты туындайтынқиындықтар компанияның өндірісі мен өсуінбаяулатуы мүмкін.

● Реттеуші тәуекелдер: АҚШ пен ЕО-дағы монополияғақарсы тергеп-тексерулер NVIDIA компаниясыныңстратегиясына және оның серіктестігіне әсер етуімүмкін.

● Жасанды интеллект үшін арзандау шешімдерұсынатын DeepSeek сияқты қытайлықстартаптардың бәсекелестігі NVIDIA компаниясыныңқымбат чиптеріне деген ұзақ мерзімді сұраныстыбұзуы мүмкін.

● Жеткізу тізбегіндегі ықтимал үзілістер немесеBlackwell өндіріс шығындарының өсуі.

● Дата орталықтары нарығында сұраныс көлемі үлкенболған жағдайда бағаларға жасалатын қысымғабайланысты маржаның төмендеуі.

NVIDIA компаниясы осы сын-қатерлерге қарамастан, инновациялық тәсіл мен күшті серіктестіктердіңарқасында бәсекелестік артықшылығын сақтап келеді.

Компания кванттық есептеулерді, метағаламды жәнежасанды интеллектті дамыту арқылы мүмкіншіліктікеңейтуде, бұл жағдай өсудің жаңа мүмкіндіктерінашады. NVIDIA компаниясы негізгі бағыттарды дамытаотырып, технологиялық эволюцияның келесі кезеңіненегіз болып, оның ұзақ мерзімді перспективаларынерекше тартымды етеді.

Негізгі катализаторлар:

1. Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект - Claraплатформасы диагностика мен дәрі-дәрмектің дамуынжеделдетеді. 2030 жылға қарай медицинадағыжасанды интеллект нарығы 100 млрд АҚШ долларынан асуы мүмкін және NVIDIA есептеуқуатының арқасында айтарлықтай үлесті көздейді.2. Автономды көлік - DRIVE Hyperion платформасынқазірдің өзінде Tesla, Mercedes-Benz және BYD көліктері пайдаланады. Сегмент озық қалаларменинтеграциялау арқылы 2027 жылға қарай 10 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде.3. Метағалам - BMW-ны және Adobe-ты пайдаланатынOmniverse генеративті жасанды интеллект арқылыкеңейеді. NVIDIA метғалам нарығының негізгіинфрақұрылымдық ойыншысы ретінде бекітіліп, 2030 жылға қарай 1 трлн АҚШ долларына жетуі мүмкін.4. Кванттық есептеу - 2024 жылы Quantum-2 іскеқосылуы және IBM және Google-мен серіктестік 2035 жылға қарай нарық 50 млрд АҚШ долларына ашуымүмкін. NVIDIA қазірдің өзінде кванттық R&D-ге 500 млн АҚШ долларын инвестициялады.5. Энергия тиімділігі - Blackwell чипі (2024) қуаттұтынуды 40%-ға азайтып, бұл NVIDIA-ныңэкологиялық талаптарға қарсы позициясыннығайтады. 2026 жылға қарай өндірістің 50%-ы ЖЭК-ке көшеді.6. Жаһандық экспансия - санкцияларға қарамастан, NVIDIA өнімдерді Қытайға бейімдейді (түсім 2025 жылы 4 млрд АҚШ доллары) және Үндістан нарығынбелсенді түрде дамытады (2030 жылға қарай 5 млрд АҚШ доллары).

Түсім өсуінің бәсеңдеуіне қарамастан (2025 жылғыбірінші тоқсандағы +262%-дан төртінші тоқсанда +78%-ғадейін), NVIDIA бизнесті әртараптандыру жәнеинновацияларға инвестициялау арқылы орнықты болыпқалады - 2024 жылы R&D-де 8,7 млрд АҚШ долларынқұрады (жылдан жылға +18%). 2027 жылға қарай түсімбастамаларды сәтті жүзеге асырған кезде 150 млрд АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.

NVIDIA тек жасанды интеллект пен чиптердегіжетістіктерімен шектелмейді, бірақ медицинаданвиртуалды шындыққа дейінгі болашақ экожүйесінқалыптастырады. Оның трендтерді болжау жәнешешімдерді масштабтау қабілеті компаниянытехнологиялық сектордағы болашағы зоркомпаниялардың біріне айналдырады.

Қаржылық орнықтылық

NVIDIA компаниясы сенімді технологиялықкомпаниялардың бірі болып, жоғары қаржылықорнықтылықты көрсетеді. 2024 қаржы жылында еркінақша ағыны 27 млрд АҚШ долларына дейін 413%-ға өсті, ал 2025 жылғы алғашқы үш тоқсанда 30,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл жағдай компанияға ұзақ мерзімдіинвесторлар үшін тартымдылығын қамтамасыз етеотырып, әзірлемелерге белсенді инвестициялауға жәнекапиталды акционерлерге қайтаруға мүмкіндік береді.

NVIDIA компаниясының табысын қайталау мүмкіндігібар компаниялар

Жаңа мүмкіндіктер іздейтін инвесторлар өсу әлеуетіжоғары салаларда жұмыс істейтін компанияларға назар аудара алады. Олардың ішінде AMD және TSMC компаниялары ерекше көзге түседі.

Advanced Micro Devices, Inc. (AMD)

● Жасанды интеллектке инвестициялар: AMD жасандыинтеллект үшін GPU процессорын белсенді түрдедамытады, бұл жағдай оның нарықтағы үлесінарттыруы мүмкін.

● Түсімнің өсуі: жаңа өнімдердің арқасында түсімніңкүтілетін өсуі жылына 20%-ды құрайды.

● Акциялардың өсу әлеуеті: талдаушылардың орташанысаналы бағасы 149.2 АҚШ долларын құрайды, бұлжағдай ағымдағы деңгейлердің 50%-ға өсуінболжайды.

Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited (TSM)

● Чип өндірісіндегі көшбасшылық: TSMC - NVIDIA, Apple және басқа да технологиялық алпауыттар үшіннегізгі өнім беруші.

● Жаңа технологияларға инвестициялар: АҚШ пенЖапонияда зауыттар салу компанияның орныннығайтады.

● Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы249 АҚШ долларын құрайды, бұл жағдай 37%-ғаөсуді болжайды.

Broadcom Inc. (AVGO)

● Желілердегі және жасанды интеллектегі күш: дата орталықтары мен желілік жабдықтар үшін чип беруші, жасанды интеллект шешімдерінен түскентүсім 2024 жылы 10 млрд АҚШ долларына дейін150%-ға өсті.

● Стратегиялық сатып алу: 2023 жылы VMware-ді 69 млрд АҚШ долларына сатып алу корпоративтібағдарламалық жасақтамадағы орнын күшейтті.

● Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы252 АҚШ долларын құрайды, ағымдағы деңгейлердің28%-ға өсуі.

Qualcomm Incorporated (QCOM)

● Мобильді құрылғылардағы жасанды интеллект: Жасанды интеллектке бар назар аударылғанжетекші Snapdragon мобилді чип әзірлеуші (мысалы, дербес компьютерге арналған Snapdragon x Elite). 2024 жылғы төртінші тоқсандағы түсім 10,9 млрд АҚШ долларын құрады (+18%).

● Автокөлік сегменті: 2024 жылы автомобилдергечиптерді жеткізудің 2 млрд АҚШ долларына дейін35%-ға өсуі.

● Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы199 АҚШ долларын құрайды, ағымдағы деңгейлердің28%-ға өсуі.

ASML Holding N.V. (ASML)

● Жартылай өткізгіштердегі шешуші рөл: озық чиптерді(2 нм және одан төмен) өндіруге арналған EUV фотолитографиялық машиналарын әлемдік жалғызжеткізуші.

● Сұраныстың өсуі: Жасанды интеллект пен 5G арқасында 2024 жылы 40 млрд АҚШ долларынқұрайтын тапсырыс (жылына +30%).

● Акциялардың өсу әлеуеті: орташа нысаналы бағасы912 АҚШ долларын құрайды, ағымдағы деңгейлердің31%-ға өсуі.

NVIDIA - бұл жай ғана жасанды интеллект пен чиптерфлагманы емес, бұл - технологиялық болашақтыңархитектурасы. Оның графикалық процессорлардан дата орталықтарын, автомобилдерді және метағаламдықамтитын жаһандық экожүйеге дейінгі эволюциясы үлкенәсер қалдырады және акциялардың болжамды 45%-дан 175 АҚШ долларына дейін өсуі (Уолл-Стриттің орташанысаналы бағалары негізінде) компанияныңмықтылығын растайды. Өсу қарқынының бәсеңдеуінеқарамастан, NVIDIA компаниясы инновациялар мен қаржылық орнықтылықтың арқасында бірегейпозицияларды сақтайды. Бұл - инвестиция емес, бұл - бар назарды болашаққа аудару.

TSARKA қолдауымен