Олжас Бектенов: E-Gov инфрақұрылымы тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс

Олжас Бектенов: E-Gov инфрақұрылымы тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс

ҚР Үкіметінің отырысында цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бизнес-процестерді оңайлату және цифрлық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Онлайн-қызметтерді пайдалану ауқымы артып келеді, себебі олар банк қосымшалары арқылы жеңіл әрі жылдам жүзеге асырылады. Мұндай тиімді ынтымақтастықты құптаймыз. Мемлекеттік қызметтерде бизнес-процестерді оңтайландыруға басымдық беруіміз қажет, пайдаланушылар қажетті қызметті “екі рет басу” арқылы ала алуы тиіс», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектті енгізудің маңыздылығын атап өтті:

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жасанды интеллектті белсенді енгізу қажет. Әсіресе, “Электрондық үкімет” платформасында. Бұл технология мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, халықтың қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетуі тиіс», — деп қосты Бектенов.

Премьер-министр серверлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл E-Gov инфрақұрылымының тәулік бойы, аптасына 7 күн мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Біз әрдайым жұмыс істейтін — қарапайым, тұрақты және шынымен де ыңғайлы eGov порталын асыға күтеміз.

TSARKA қолдауымен