Онлайн-платформалар енді қолданушылар мен олардың табыстары туралы МКК-де мәлімет беруге міндетті

Онлайн-платформалар енді қолданушылар мен олардың табыстары туралы МКК-де мәлімет беруге міндетті

МКК интернет-платформа иелеріне арналған жаңа ережелер жобасын әзірледі. Енді осындай алаңдар өздері арқылы қызмет көрсететін немесе жұмыс орындайтын қолданушылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) тапсыруы тиіс — тіпті төлем тапсырыс беруші мен орындаушы арасында тікелей жүзеге асса да.

Не өзгереді:

  • Егер адам платформада тіркеліп, сол арқылы қызмет көрсетсе (мысалы, репетитор, дизайнер, жөндеу шебері), оның табысы мен қызметі туралы ақпарат МКК-ге жолдануы тиіс.
  • Бұл талаптар жеке тұлғаларға да, жеке кәсіпкерлерге де қатысты.
  • Ережелер платформалар арқылы жұмыс істеп, төлемді тікелей алатындарды да қамтиды.

Мақсаты:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ЖК табысын ашық ету;
  • Орындаушыларға салық және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдету;
  • Көлеңкелі жұмыспен қамтуды азайту және салық заңнамасының орындалуын арттыру;
  • Орындаушылар арасындағы адал бәсекені қолдау.

Не күтіледі:

  • Барлық платформалар үшін есеп беру мерзімдері мен формалары бірыңғайланады;
  • МКК орындаушылардың табысын бюрократиясыз, қашықтан бақылау мүмкіндігіне ие болады;
  • Бұл табысты заңдастыруға және бейресми экономиканы қысқартуға ықпал етеді.

Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 18 тамызға дейін жалғасады. Ұсыныс пен ескертулерді «Ашық НҚА» порталында қалдыруға болады.

TSARKA қолдауымен