Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді онлайн ресімдеуге болады

elicense.kz порталында заңды тұлғаларға арналған отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия алуға арналған жаңа қызмет іске қосылды. Қызмет автоматтандырылған және кәсіпкерлерге өтінімді толығымен онлайн режимде беруге мүмкіндік береді.
Лицензияны ресімдеу – Қазақстан аумағында өндірілген белгілі бір санаттағы шикізатты заңды түрде экспорттаудың міндетті шарты болып табылады. Бұл жаңалық өтінім беруді және оның орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді.
Қызметті пайдалану үшін:
− elicense.kz порталында авторизациядан өту қажет;− «Тауарлардың импорты, экспорты» бөліміне өтіп, «Отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия беру» қызметін таңдау керек;− электрондық өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу, мемлекеттік баж салығын төлеуқажет;− өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы растау керек.
Өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Дайын лицензия elicense.kz порталындағы жеке кабинетте «Рұқсаттар» бөлімінде көрсетіледі. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, негіздемесі бар ақпарат «Менің өтінімдерім» бөлімінде көрсетіледі. Қызмет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды тұлғаларға қолжетімді.
Лицензия бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері – 10 АЕК. Төлем екінші деңгейдегі банк арқылы заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша салық органының шотына жүргізіледі.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.