Аналитикалық компания Ookla 2025 жылғы қаңтар айына арналған жаңартылған интернет жылдамдығы рейтингін жариялады. Қазақстан бұл рейтингте өз позициясын жақсартып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Мобильді интернет бойынша ел 49-орынға (+8 позиция) көтерілді. Медианалық жүктеу жылдамдығы 81,58 Мбит/с, жүктеу (upload) жылдамдығы 18,42 Мбит/с, ал кідіріс 18 мс құрады.