Paradigm Shift Стэнфорд пен 01EDU сарапшыларын тартып, ЖИ мен білім беру бағыттарын дамытады

Paradigm Shift Стэнфорд пен 01EDU сарапшыларын тартып, ЖИ мен білім беру бағыттарын дамытады

Paradigm Shift  жасанды интеллект өнімдерін бірлесіп әзірлеуге және озық білім беру технологияларын енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім нәтижесінде аңызға айналған білім реформаторы және белсенді педагогиканың пионері   Nicolas Sadirac Paradigm Shift командасына Chief Research Officer in Education (CRO in Education) лауазымына тағайындалды. Ол Франциядағы жетекші IT-жоғары оқу орнына айналған Epitech мектебінің негізін қалаушылардың бірі әрі мыңдаған студентке цифрлық индустрияға жол ашқан Web@cademie бағдарламасының авторы.

Nicolas Paradigm Shift-тің жасанды интеллект пен білім беру технологиялары саласындағы зерттеу бағытын қадағалап, тәжірибе арқылы оқыту мен AI-ды біріктіретін жаңа үлгілерді енгізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, Paradigm Shift өз командасын тағы бір әлемдік деңгейдегі маманмен толықтырды: Стэнфорд профессоры және LiveTech.AI компаниясының негізін қалаушы Younes Bensouda Mourri  Chief AI Officer (CAIO)   лауазымына тағайындалды.

Younes — Coursera платформасындағы жасанды интеллект пен терең оқыту бойынша ең танымал онлайн-курстардың авторларының бірі. Оның курстарын бүгінде бүкіл әлемнен 2  миллионнан астам студент оқыды. Оның миссиясы — AI-ды баршаға қолжетімді етіп, оқытуды деректер мен технологияларға негізделген дербестендірілген тәжірибеге айналдыру.

Жанәділ Талдыбаев:

“Біз тек трендтерді бақылайтын емес, сол трендтердің өзін жасайтын әлемдік AI-сарапшылар командасын құрдық. Бірге біз интеллектуалды білім беру шешімдерінің жаңа дәуірін қалыптастырамыз”, — деп атап өтті.

Бүгінде Paradigm Shift жасанды интеллект, EdTech және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық таланттарды тартатын орталыққа айналып, Қазақстанның жаһандық AI-инновациялар орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді.


TSARKA қолдауымен