Павел Дуров қазақстандық CYBERPACK.AI стартапына $25 000 бөлді

Павел Дуров қазақстандық CYBERPACK.AI стартапына $25 000 бөлді

Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Astana Hub Battle стартап-бәйгесі ұйымдастырылды. Шарада қазақстандық CYBERPACK.AI жобасы ерекше назар аударды. Команданың таныстырылымынан кейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуров стартапқа қосымша 25 000 доллар сыйақы берді.

CYBERPACK.AI – 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мобильді қосымша, веб-платформа және STEAM-конструкторларды біріктіретін білім беру жобасы. Ол оқушыларға инженерлік ойлауды дамытуға, технологияларды үйренуге және өз ғылыми жобаларын жасауға көмектеседі.

Astana Hub-тың Startup Garage инкубациялық бағдарламасына қатысудың арқасында команда 10 есе өсіп, халықаралық нарыққа шықты және $2 млн бағалау кезінде $300 000 көлемінде ангелдік инвестиция тартты. Қазіргі таңда өнім Қазақстан мен Әзірбайжандағы 70 мектепке енгізілген және ICRC халықаралық жарыстарында қолданылады.

Павел Дуровтан алынған қаражат командаға AI-модулін дамытуға, жобаны ауқымдандыруға және жаһандық нарыққа шығуға жұмсалатын болады.

TSARKA қолдауымен