Павел Дуров Қазақстанға жасаған сапары туралы айтты
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан туралы ойын айтты. Қазіргі таңда 20 миллион қазақстандықтың 12,5 пайызы осы мессенджерді пайланады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп.

“Біз Қазақстан халқы үшін басты коммуникациялық алаң ретінде қызмет ететінімізді мақтан тұтамыз. Сондай-ақ, оның қарқынды экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала беретінімізді айтқымыз келеді”, - деді Павел Дуров.
Бұдан бөлек ол елдегі іскерлік ахуал туралы да ойын жеткізді.

“Қазақстан өте ғажап мемлекет. Оның сұлулығы тек амбицияларымен ғана бәсекелесе алады. Ел бизнеске қолайлы саясатпен және қолайлы салықпен халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды өзіне тартып отыр. Сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерге қолдау көрсету арқылы білім мен ғылымдағы позициясын жақсартуда”, - дейді Дуров.
Para valorar camisetas de fútbol con ajuste holgado con criterios claros, es recomendable revisar el espacio necesario para llevar otra prenda debajo. También ayuda revisar que la descripción del corte coincida con las fotografías antes de completar el pedido.