Presight компаниясы Астанада аймақтық кеңсесін ашты

Presight компаниясы Астанада аймақтық кеңсесін ашты

Абу-Даби мұрагер ханзадасы шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянның Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында Presight (G42) компаниясының Астанадағы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстандағы жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы негізгі бастамаларды жүзеге асыру мақсатында Presight компаниясы елдегі жобаларды қолдау және операциялық қызметін кеңейту үшін Астанада кеңсе ашты. «ЭКСПО» аумағында орналасқан жаңа кеңсе Орталық Азиядағы өңірлік хаб ретінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кеңседе 40-тан астам қазақстандық маман еңбек етуде. Бұл – компанияның жергілікті кадрларды дамытуға деген ұмтылысын және елдің цифрлық трансформациясына қосқан үлесін көрсетеді.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заидтің қатысуымен Presight компаниясының қатысуымен келесі келісімдерге қол қойылды:

● Nvidia H200 суперкомпьютерлерінің екі кластерін жеткізу туралы келісім, бұл Қазақстандағы жоғары өнімді есептеу орталығын құруға бағытталған;

● Астанада смарт-қаланың цифрлық инфрақұрылымына қызмет көрсететін деректерді өңдеу орталығын құру туралы келісім.

Presight жобалары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі орнын нығайтады. Астанадағы Alem.AI орталығы базасында қаланың инфрақұрылымын басқарудың интеллектуалдық өзегіне айналатын жағдайлық орталық құрылады. Бұл заманауи платформа энергетика, қоғамдық қауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды басқару сияқты маңызды салаларда интеллектуалды мониторинг пен шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

«Presight компаниясының Астанада аймақтық кеңсе ашуы — бұл Орталық Азиядағы инновациялар мен технологиялар орталығы ретіндегі мәртебемізді нығайтудың маңызды қадамы. Presight секілді жетекші компаниялармен ынтымақтастық бізге цифрлық шешімдерді дамытып қана қоймай, сонымен бірге бизнес пен қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға жол береді. Бұл сонымен қатар еліміздегі жасанды интеллект дамуына елеулі үлес болып табылады», — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
«Астанадағы кеңсенің ашылуы — Presight компаниясының халықаралық ауқымда кеңеюінің маңызды кезеңі. Қазақстанның Presight үшін Орталық Азиядағы алғашқы аймақтық қызметін бастаған елге айналуы біз үшін үлкен құрмет. Бұл – елдің цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект саласындағы дамуын қолдауға деген шынайы ұмтылысымыздың дәлелі. ЭКСПО аумағындағы кеңсенің ашылуы Қазақстанның стратегиялық көзқарасына, көшбасшылығына және таланттарына деген сенімімізді білдіреді. Біз жергілікті сараптаманы дамытуға және елдің технологиялық болашағына үлес қосуға мақтанамыз», — деді Presight компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам.

Presight жүзеге асыратын Астанадағы смарт-қала жобасы Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшылығын нығайтып қана қоймай, цифрландыру бойынша жаһандық деңгейдегі үлгі болмақ. Жоба қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, қалалық инфрақұрылымды нақты уақыт режимінде тиімді басқаруға, энергия тұтынуын оңтайландыруға және азаматтарға бағытталған сервистерді дамытуға бағытталған. Айта кетерлігі, жобаның 60%-ы қазақстандық жеткізушілердің қатысуымен жүзеге асырылуда, бұл жергілікті бизнестің белсенділігін және ел экономикасына қосылған үлесті көрсетеді.

Шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянның Қазақстанға жасаған ресми мемлекеттік сапары — БАӘ мен Қазақстан арасындағы берік екіжақты қатынастардың, өзара сенімнің, стратегиялық әріптестіктің және астаналардың цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған ортақ ұмтылыстың белгісі. Бұл сапар қос елдің өмір сапасын арттыру мен орнықты дамуға бағытталған озық технологиялар саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілетуге деген ұмтылысын айқындайды. Presight пен Қазақстан арасындағы әріптестік екі ел басшылығының толық қолдауы және жәрдемімен жүзеге асырылуда. Бұл серіктестік ИИ мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты үлес қосу үшін пайдалануға бағытталған ортақ ниетті білдіреді.

Айта кетейік, Presight — Абу-Даби қор биржасында (ADX) тіркелген көпшілікке ашық компания, оның басым акциясы БАӘ-де орналасқан жетекші технологиялық топ — G42-ге тиесілі. Presight — жасанды интеллект технологияларына негізделген үлкен деректерді талдау саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания жасанды интеллект, деректерді талдау және интерпретация салаларындағы сараптаманы біріктіріп, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қауіпсіз, дені сау әрі тұрақты қоғам құруға ықпал ететін шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Генеративті ИИ шешімдер жиынтығы арқылы Presight мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға ИИ стратегияларын тезірек жүзеге асыруға және елеулі нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдеседі.

TSARKA қолдауымен