Президент салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды тапсырды

Президент салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Қазақстан азаматтарға мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін, алайда бизнес үшін бюрократияның әлі де елеулі кедергі болып отырғанын атап өтті.

«Бұл жағдайды шұғыл өзгерту қажет, ең алдымен салықтық әкімшілендіру саласында. Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік органдар арасында цифрландырудың флагманына айналып, салық төлеушілердің мүддесі үшін жасанды интеллектінің әлеуетін тиімді пайдалануы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Ол жаңа Салық кодексі тек нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмей, адалдық пен ашықтыққа негізделген салық төлеушілердің жаңа мәдениетін қалыптастыруы қажет екенін баса айтты.

«Салық түрінде төленген әр теңге қоғамға сапалы мемлекеттік қызметтер, инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау шаралары түрінде қайтып оралуы тиіс», — деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ даму институттарын реформалау қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, бұл құрылымдар нақты салалық мамандануға ие, терең талдау жүргізетін және инвестиция салу мандаты бар толыққанды даму орталықтары ретінде жұмыс істеуі үшін «қайта жүктелуі» керек.

TSARKA қолдауымен