Презентация жасауға көмектесетін нейрожелілер

Кәсіпкерлер көбінесе команданы оқыту, инвестиция тарту және тендерге қатысу үшін презентациялар жасайды. Жасанды интеллект осы материалдарды дайындауға көмектеседі. Мақалада біз презентациялар жасауға арналған ең жақсы нейрондық желілер туралы сөйлесеміз және сапалы нәтиже алу үшін сұранысты қалай дұрыс тұжырымдау керектігін талдаймыз.
Нейрондық желілерді презентацияда қалай қолданамыз
Презентация жасайтын нейрондық желілер машиналық оқыту негізінде жұмыс істейді. Жасанды интеллект ұсынылған презентация тақырыбын талдап, қаңқасын жасап, мәтін жазуға, суреттер мен түстерді таңдауға көмектеседі.
Кіріспе мәтіндерді жазған кезде ол дайын үлгілер бойынша презентация әзірлейді, дегенмен құжатты өңдеуге, мәтінді түзеу, слайдтар қосу немесе жою, суреттерді өзгертусынды әрекеттер жасауға болады. Әр түрлі форматтарғамысалы, әлеуметтік желілерде қолдану үшін ыңғайлы етіпбейімдей аласыз.
Презентацияға арналған нейрондық желілер онлайн жұмыс істейді. Кейбіреулері толығымен тегін, басқаларыжазылым арқылы қолжетімді, шектеулі қызметтерібарларын алып сынап көруге де болады.
Презентациялар үшін ең жақсы нейрондық желілер
Tome – презентация құрылымын жасап, слайдтар әзірлейді. Жасанды интеллект сіздің мәтініңізді автоматты түрдеслайдтарға бөліп, логикалық құрылымға келтіреді.
• Идеяны визуализациялау
• Прототип пен презентацияны бір уақытта жасау
• Көркем және әсерлі интерфейс
Gamma – мәтіндік құжаттан слайд жасауға арналған құрал. Тек ойыңызды қысқаша баяндасаңыз, ол бәрін өзі реттейді.
• Автоматты бөлімдер мен тақырыптар
• Үлгілер мен визуалды стиль
• Көп қолданушыға бір уақытта қолжетімді
Canva – қарапайым және ыңғайлы, дизайнер емес адамғаарналған ең танымал платформа. Оның жаңа Magic Design функциясы жасанды интеллект арқылы автоматты дизайн ұсынады.
• Дизайн ұсыныстары
• Тың қалыптар
• Қазақ тіліне бейімделген мәтіндермен жұмыс
Prezo – қолдануға ыңғайлы, қазақ тіліндегі мәтіндердідұрыс қабылдайтын және генерациялайтын заманауи құрал.
• Интерфейс ыңғайлы, пайдаланушыға түсінікті
• Визуал сапасы жоғары – дайын қалыптар мен стильдербар
• Иллюстрацияларды өзі жасай алады немесе интернеттен іздейді
Wepik — көркем әрі жылдам презентация құрастыруғамүмкіндік беретін тағы бір нейрожелі. Қазақ тілін танидыжәне слайдтарға мәтінді автоматты түрде қоя алады.
• Слайд стилін, түстер мен қаріптерді таңдау мүмкіндігі
• Иллюстрациялар, пиктограммалар мен иконкаларкітапханасы бар
SlidesAI.io – мәтіннен слайд жасау. Егер сізде дайын мәтінболса және оны тез арада презентацияға айналдырғыңызкелсе – SlidesAI.io көмектеседі.
• Google Slides-пен тікелей жұмыс
• Тақырыпқа сай иллюстрациялар
• Бірнеше тілдегі қолда
Microsoft PowerPoint Copilot + ChatGPT
ChatGPT арқылы сіз мәтін мен құрылымды жоспарлайаласыз, ал PowerPoint Copilot сол мазмұнды слайдтарғаайналдырады. Бұл – екі әлемнің ең жақсы үйлесімі.
• ChatGPT-ге слайд құрылымын жасауды тапсырыңыз
• PowerPoint ішінде Copilot арқылы визуализациялаңыз
Нейрожеліге арналған промпт
Нейрожелі арқылы презентация жасау – уақытты үнемдеудің және креативті нәтиже алудың ең тиімді жолдарының бірі. Бірақ нәтижелі контент алу үшін дұрыспромпт (тапсырма) құра білу керек. Төменде сізге пайдалыболатын 4 қадамнан тұратын нұсқаулық ұсынамыз.
1-қадам: Тақырыпты нақты анықтаңыз
Промпттың өзегі – тақырып. Тақырып неғұрлым нақтыболса, нейрожелі соғұрлым жақсы түсінеді.
2-қадам: Негізгі мазмұнды сипаттаңыз
Презентацияда қандай бөлімдер болуы тиіс? Промптқакелесідей ақпаратты қосуға болады:
• Өнім немесе қызмет туралы қысқаша түсініктеме
• Артықшылықтары мен ерекшеліктері
• Мақсатты аудитория
• Мақсат (сату, таныстыру, оқыту және т.б.)
3-қадам: Слайд құрылымын ұсыныңыз
Егер платформада слайдтарға жеке-жеке тақырып беру мүмкіндігі қарастырылған болса бәрін толтырыңыз:
1. Кіріспе
2. Контент түрлері
3. Жарнамалық стратегиялар
4. Нәтижелерді өлшеу жолдары
5. Қорытынды
4-қадам: Визуал стилін көрсетіңіз
Презентацияның стилі қандай болуы тиіс? Нейрожеліге төмендегідей мәлімет беруге болады:
• Дизайн стилі: іскерлік, минималистік, жарқын т.б.
• Түстер: компания бренд түстері немесе арнайы палитра
• Кескіндер: нақты сурет түрлері (мысалы, «заманауикеңсе интерьері» немесе «саяхат кезіндегі адамдар»)
• Слайд саны: шамамен 7–10 слайд
Дұрыс құрылған промпт – презентацияның 50% құрайды. Тақырып нақты, мазмұн түсінікті, құрылым логикалық, визуал үйлесімді болуы тиіс. Қазір көптеген нейрожелілер қазақ тілін таниды, сондықтан ойыңызды нақты әрі сауатты жеткізсеңіз – сапалы нәтиже алуға әбден болады.
Егер промптыңызды жаза алмай жатқан болсаңыз Битрикс24 CoPilot әрдайым көмекке дайын.