Qalam Қазақ хандығы туралы мультимедиялық онлайн-курс іске қосты

Qalam – Қазақстан, Орталық Азия және Түркі әлемінің тарихы мен мәдениетіне арналған мультимедиялық жоба. Жоба оқырмандарға жетекші ғалымдардың зерттеулеріне негізделген материалдар, сондай-ақ тарихтың бағытына әсер еткен маңызды оқиғалар мен тұлғаларға терең талдау ұсынады. Qalam жобасында Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және басқа да елдерден келген халықаралық зерттеушілер тобы жұмыс істейді.
Енді Qalam сайтында белгілі тарихшы Сұлтан Акимбековтің Қазақ хандығына арналған жаңа білім беру курсы қолжетімді.
Курстың жарияланған бірінші бөлімінде Жошы ұлысы, яғни Алтын Орда ыдыраған соң және Қазақ хандығы құрылардың алдында болған оқиғалар сипатталады. XV ғасырда Жошы ұлысының сол қанаты болған аймақтаөңірдің саяси картасын айқындап беріп кеткен билік күресібасталды. Сұлтан Әкімбеков әулеттер арасындағысоғыстардың қалай басталғанын, ешкім күтпеген одақтардыңқалай пайда болғанын және бұл таласқа Шыңғыс ханнантараған ұрпақтан бөлек тұлғалардың не себепті қатысқанынталдайды.
Қазақ қалай пайда болды?
Курстың бірінші бөлімінде Сұлтан Әкімбеков қазақ, өзбек, ноғай секілді жаңа этникалық бірегейліктің қалайқалыптасқанын да сипаттайды.
Әкімбеков XIV ғасырдың ортасына дейін тайпалық одақтаржеке-дара субъект болмағанын айтады. Алайда Шыңғыс хан әулетіне тән саяси дәстүр дағдарысы күшеюімен саясижүйеде ерекше көзге түскен тайпалар алдыңғы қатарғашықты. Олар өз бетінше еркін әрекет ете бастады және жаңаәскери тапқа айналды.
Керей мен Жәнібектің Көшпелі өзбектер мемлекетінен бөлінутуралы шешімі саяси қадам болатын. Алайда жаңаданқұрылған мемлекетке адал тайпалар Моғолстанға ере барды және оларға қатысты «қазақ» атауы қолданылды. БұлКөшпелі өзбектер мемлекетінен бөлініп шыққан жұрттыңбасқа екенін көрсету үшін қажет болды.
«Қазақ» атауының пайда болуы жайлы
Сұлтан Әкімбековтің айтуынша, XV ғасырдың біріншіжартысында бұл термин Шыңғыс хан әулетіне тән дәстүртаралған барлық жерде кеңінен қолданылған екен. Ол түрлімоңғол мемлекетіндегі белгілі бір адамның немесе топтыңәлеуметтік мәртебесінің өзгеруін білдірген.
Автор тарихи жылнамалардан Тимурид Әбу Саид және Уәйісхан секілді тұлғалардың өзі өмірінің түрлі кезеңінде «қазақболып» жүргені сипатталатын мысалдар келтіреді. Сондай-ақол «қазақ» деген терминнің әуеліде әскери іске қатыстыболғанын атап өтеді.
Qalam курсы Қазақ хандығының қалай құрылып, дамып, ыдырағанын жеңіл тілмен суреттейтін бес материалдантұрады. Сұлтан Әкімбеков курс фактілермен таныстырыпқана қоймай, оларды ауқымды контекст тұрғысынанкөруге мүмкіндік беретінін айтады:
Бұл курс — тарихи оқиғаларды жәй ғана сипаттау емес, қазақбірегейлігінің қалай қалыптасқанын және Қазақ хандығыныңпайда болуына қандай жайттардың ықпал еткенін түсінугедеген құштарлық. Курста оқырманды құрғақ хронология емес, көпшілік біле бермейтін деректерді тереңінен талдау, күтпеген қорытындылар мен тарихымыздағы бастыоқиғаларды пайымдау күтеді.
Курстың келесі бөлімдері Qalam сайтында әр бейсенбі сайынжарияланып отырады.
TSARKA қолдауымен