QazCoders: жасанды интеллект бойынша оқыту бағдарламасы басталды

QazCoders: жасанды интеллект бойынша оқыту бағдарламасы басталды

Astana Hub Қазақстан тұрғындарына арналған QazCoders білім беру бағдарламасының бастау алғанын хабарлайды. Бастама үздік халықаралық онлайн-платформа арқылы IT мен жасанды интеллект (AI) негіздерін үйренуге мүмкіндік береді. Оқытуда жас бойынша шектеу жоқ, яғни барша ниет білдірушіге қолжетімді әрі тегін.

Бағдарламаның ресми тұсаукесері AlmatyFair.ai көрмесінің алаңында өтті. QazCoders жобасының мазмұны мен әлеуетіне арналған сессияға Astana Hubбасқарушы директоры Таңат Өскембаев пен Қазақстандағы БАӘ елшілігінің Сенімді өкілі Ахмед ӘлКааби қатысты. Іс-шарада БАӘ Министрлер кабинеті министрінің орынбасары Абдулла Нассер Лутабейнеқосылым арқылы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға арнайы үн қатып, бастаманың маңызына тоқталды.

«Бұл іс-шара – екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең. Бүгін біз жай ғана бағдарламаны емес, болашақты іске қосып отырмыз. Әрқайсыңыз ерекше бастаманың бөлшегіне айналдыңыздар. Мұнда игерілетін дағдылар тек бағдарламалау мен технологиялар шеңберінде ғана емес, олар мүмкіндіктер әлеміне жол ашатын кілтке айналады. Бұл жолға ынтамен, құлшыныспен қадам басыңыздар. Өйткені сіздердің берерлеріңіз мол, еліңіз соған лайық, ал болашақ сіздердің идеяларыңыз бен жігеріңізге арқа сүйейді»,  деді Абдулла Нассер Лута.

Сессия барысында Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев QazCoders бағдарламасының IT саласына қосатын үлесіне және оның отандық цифрлық экожүйені дамытудағы рөліне назар аударды.

«Бағдарламалау, деректерді талдау, мобильді қосымшалар жасау және жасанды интеллект негіздері тренд қана емес, цифрлық экономиканың өзегі. Бұл бағыттарды меңгеру – жас мамандарға да, жаңа мамандықты игергісі келетіндерге де үлкен мүмкіндік. Бағдарламада жасанды интеллект саласындағы ілімге ерекше мән берілді. Бұл – кездейсоқ шешім емес. Бүгінде мемлекет алдына адам әлеуетін арттырып, AI саласындағы ұлттық құзыреттердің мықты негізін қалыптастыруды стратегиялық мақсат ретінде қойып отыр. QazCoders осы жолдағы маңызды қадам болмақ»,– деді Таңат Өскембаев.

QazCoders Udacity платформасында әзірленген төрт негізгі курсты қамтиды: бағдарламалау негіздері, Kotlinнегізіндегі Android әзірлемесі, деректерді талдау және жасанды интеллект кіріспесі. Оқу онлайн форматта өтеді. Әр курс 6–7 аптаға есептелген және аяқталған соң сертификат беріледі.

Оқыту барысында қатысушылар сарапшылармен және өзге студенттермен байланысып, техникалық және мазмұндық қолдау ала алады. Ал Udacity ұсынған AI-көмекші дереу кеңес беруге сақадай-сай тұр.

Бағдарлама Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Бұл озық білім және технологиямен алмасуға негізделген ынтымақтастық нәтижесі. Бастама елдегі жасанды интеллект саласын дамытуды көздейтін AI Movementаясында жалғасып келеді.

TSARKA қолдауымен