Qaztech сарапшылары кибершабуылдар көбейіп жатқанын ескертті
Qaztech сарапшылары Президенттің өз жолдауында ақпараттық технологиялар саласында әлемдік стандарттарды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткенін айтады. Бұл стандарттар деректер мен жүйелерді сенімді қорғау үшін жасалған және цифрлық ортада жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін сынақтан өткен әдістер жинағы.
Жаһандану жағдайында, компаниялар халықаралық нарықтарда жұмыс істеп, әлем бойынша серіктестермен ынтымақтасқанда, әлемдік стандарттар бизнес үшін маңызды,. Бұл стандарттар компанияларға әртүрлі елдердің заңдары мен талаптарына сәйкестікті сақтауға, сондай-ақ тәуекелдер мен осалдықтарды тиімді басқаруға көмектеседі, бұл оқыс жағдайлардың болу ықтималдығын азайтып, қауіптерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Евгений Питолинннің айтуынша, халықаралық стандарттарды енгізу клиенттер мен серіктестердің сенімін арттырады. Әлемде мойындалған стандарттарды сақтайтын ұйымдар жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен деректерді қорғауға берілгендігін көрсетеді, бұл олардың бәсекелестік артықшылығына айналуы мүмкін. Деректерінің сенімді қорғалғанын білген клиенттер мен серіктестер осындай ұйымдармен жұмыс істеуге көбірек ынталы болады.