Red Bull Tetris турнирі басталды!

Соңғы кездері бір байқағанымыз — бәріміз ретроға қарай тартып бара жатқандаймыз. Винил пластинкалары қайта сәнге енді, поларойд камераларға сұраныс күрт артты, ал TikTok-та 90–2000 жылдардағы әндер қайтадан трендке шықты. Ал Тетрис ше? Бәріміз ойнағанбыз, әлі күнге дейін есімізде. Енді сол эмоциялар қайта оралады — Red Bull Tetris халықаралық турнирі басталды!
Қазір технология шарықтау шегіне жеткен заманда өмір сүріп жатқанымыз рас. Бірақ дәл осы күрделілік кейде бізді шаршатады. Қарапайым, түсінікті, бұрынғыдай шынайы эмоцияны аңсаймыз. Мұны әлеуметтік желідегі трендтер де дәлелдеп отыр.
2021 жылы бүкіл әлем бір сериалды талқылады — «Игра в кальмара». Ондағы қатысушылар балалық шақтағы қарапайым ойындарда жарысты: «Қызыл жарық — жасыл жарық», «Арқан тартыс», «Шекер кескіні». Бәрі бізге де таныс. Бұл сериал шынайы эмоцияны, қарапайым ережелерді, естеліктерді қайта тірілтті. Кейде дәл осындай ұмыт болған қарапайымдық — шын мәнінде бізге жетіспей жүрген бақыттың бір бөлігі болуы мүмкін.
Бұған үш себеп бар.
Біріншіден, сағыныш сезімі.
Ретроның қайта танымал болуының басты себебі — балалық шақпен байланысты шынайы естеліктер. Кассеталар, видеоприставкалар, пиксельді ойындар — мұның бәрі бізді уақыт машинасындай өткенге жетелейді. Бұл құрылғылар арқылы біз сол кездегі қуанышты қайта сезінгіміз келеді.
Ал жаңа буын болса — бұл кезеңді бастан кешпесе де, сол уақыттың шынайылығын, интернетсіз өмірдің жеңілдігін аңсайды. Ол заманда әлеуметтік желі де, тоқтаусыз байланыс та болған жоқ, өмір әлдеқайда жеңіл және анық еді. Red Bull Tetris турнирі — дәл сол сағынышты қайта бастан кешудің ең оңай жолы.
Екіншіден, үздіксіз байланыстың шаршатуы.
Бүгінде тіпті Wi-Fi арқылы қашықтан басқарылатын пештер бар. Телефоннан үздіксіз хабарламалар келіп тұрады, ал FOMO — бір нәрседен қалып қоям ба деген қорқыныш — үнемі іштей мазалайды. Осындай шексіз байланыс адамды шаршатып, зейінді бытыратып жібереді.
Ал ретро құрылғылар — керісінше, тыныштық сыйлайды. Олар "өшіруді" үйретеді: бір іске ғана назар аудару, алаңсыз сәттерді сезіну. Мысалы, Тетрис ойнағанда сен тек құлап жатқан блоктарға назар аударасың — сыртқы әлем ұмытылып, санаң бір сәтке тынышталады. Сол себепті де адамдар қарапайым әрі байланыссыз технологияларға қайта оралып жатыр — олар шулы әлемнен аз да болса үзіліс жасауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, физикалық сезіну қажеттілігі.
Цифрлы дәуірде өмір сүріп жатсақ та, көп адам әлі де бір нәрсені қолмен ұстап, шынайы әсер алғысы келеді. Мысалы, музыканы стриминг арқылы тыңдағаннан гөрі, винил пластинкасын алып, ойнатқышқа қойып тыңдау — бұл мүлде бөлек тәжірибе. Бұл тек дыбыс сапасы емес, бұл — сезім. Сол сияқты, жай ғана экранға қарап отыру емес, Тетрис ойнап блоктарды бір-біріне дәл орналастыру — ерекше қанағат сыйлайды. Бұл тек ойын емес, ол — шынайы эмоция. Сол себепті де адамдар кассеталарға, поларойдтарға, тіпті жазба машинкаларға қайта бет бұрып, Тетрис сияқты классикалық ойындарға қайта оралуда. Бұл құрылғылардың қарапайымдылығы мен физикалық болуы — эмоциялық қанағат сезімін оятады.
Ретро тренд — бұл жай ғана сән емес, бұл — шынайы сағыныштың, шаршаған сананың және сезінуге деген қажеттіліктің көрінісі. Цифрлы әлемде адасып жүрген адамзат қарапайым дүниелерге қайта оралып, өзі үшін тыныштық пен қуаныш іздеуде. Ретро ойындар — соның ең жарқын мысалы.
Мысалы, Тетрис. 1980-жылдары пайда болған, пиксельді блоктардан құралған бұл ойын — әлі күнге дейін бүкіл әлем сүйіп ойнайтын классика. Қазір бұл жай ғана ойын емес, бұл — цифрлық мәдениеттің символына айналған. Оның басты ерекшелігі — қарапайым басталып, терең ойлануды талап етуінде.
Осы ретро стиліне, ескі ойындарға деген сағынышты Red Bull Tetris турнирі қайта тірілтеді. Турнирге қатысу өте оңай — тек телефоныңнан кіріп, ойынды бастасаң жеткілікті. Қатысушылар онлайн форматта жарысып, үздіктер Дубайда өтетін үлкен финалға жолдама алады. Бұл жарыс тек кәсіби геймерлерге емес, Тетрис ойынын бала күнінде бір рет болсын ойнаған әрбір адамға арналған.