Салымшылардың депозиттерді қорғау туралы жиі қоятын 10 сұрағы: ҚДКБҚ байланыс орталығының жауаптары

Салымшылардың депозиттерді қорғау туралы жиі қоятын 10 сұрағы: ҚДКБҚ байланыс орталығының жауаптары

Қазақстандық банктердің салымшылары және барлық қазақстандықтар үшін Депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) 1460 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығы – банктердегі жинақ ақшаларды қорғау жайында тағы бір ресми ақпарат көзі жұмыс істейді. Жыл барысында банктердің салымшыларын негізінен депозиттер бойынша кепілдіктер туралы жалпы сұрақтар қызықтырды.  

1 – Заңнама жалпы қандай жинақ ақшаларға кепілдік береді?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Ұлттық Банктің еншілес ұйымы, банктердегі жинақ ақшалардың сақталуына кепілдік береді. Егер банк лицензиясынан айырылса, ҚДКБҚ салымшылармен есеп айырысуды өз жауапкершілігіне алады.  

Қорғалғандар: 

• банктік салымдар, оның ішінде мерзімді, мерзімсіз және жинақ салымдар, сондай-ақ талап етілмелі салымдар мен шартты салымдар, • салымдар бойынша есептелген сыйақылар,• ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшалар.

 2  Теңгедегі жинақ, мерзімді, мерзімсіз салымдар, валюталық депозиттер, банк шоттары мен карточкалар қандай максималды сомаға қорғалған? 

Максималды кепілдік сомасы заңнама жүзінде белгіленген және 2022 жылдан бері мына сомаларды құрайды:  

• теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңге,• теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша –10 миллион теңге,• шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңге

 3 Егер банк лицензиясынан айырылса, ҚДКБҚ өтемді қай мерзім ішінде төлейді?

Заң бойынша ҚДКБҚ банк лицензиясынан айырылған сәттен бастап, 35 жұмыс күні ішінде оның салымшыларына өтем төлеуді бастайды. Қор төлемнің қашан, қалай және қандай агент-банктер арқылы жүргізілетіні туралы республикалық баспасөз басылымдарында, kdif.kz ресми сайтында және Қордың әлеуметтік желілерінде ақпарат жариялайды. Мұндай ақпарат сондай-ақ БАҚ және телеарналарда айтылады.   

Қор мамандары атап өткеніндей, іс жүзінде салымшылармен есеп айырысулар 6-8 жұмыс күні ішінде басталған.   

4 Ал егер банкте ірі сома орналастырылған болса ше? 

Егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше депозиті ашылған болса, онда ҚДКБҚ әрбір салымның түрі – жинақ, мерзімді немесе мерзімсіз салымдар бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып, жиынтық қалдық сомасына кепілдік береді. Мұндай жағдайда салымшыға берілетін жалпы өтем сомасы 20 миллион теңгеден асырылмайды

Сондықтан Қор салымшыларға ақшаларын кепілдік шегінде бірнеше банкте әртүрлі салымдарда орналастыруға кеңес береді. 

5 Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қандай банктер қатысады?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне ислам банктерінен басқа отандық банктердің барлығы қатысады. Қазіргі уақытта бұл қатысушы банктердің саны – 19. Олардың толық тізімі ҚДКБҚ сайтында қолжетімді.     

6  Бейрезиденттердің жинақ ақшалары: Қордың кепілдіктері оларға қолданылады ма?

Қазақстандық банк барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда, ол банкте депозиттері орналастырылған бейрезиденттер еліміздің заңнамасына сәйкес басқа салымшылармен бірдей дәрежеде кепілді өтем алуға құқылы. Яғни жинақ ақшаны қорғауға арналған құқық салымшыға оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан беріледі.  

7 Заңды тұлғалардың депозиттері қорғалған ба?

Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және кәсіпқой медиаторлар) Қордың кепілдіктерімен қорғалған. Ал заңды тұлғалар, мысалы, ЖШС немесе АҚ, депозиттеріне депозиттерге кепілдік беру туралы заңнама қолданылмайды.   

Сонымен қатар жеке тұлғаларға қолжетімді басқа, бірқатар қаржы құралдары Қордың кепілдіктерімен қорғалмаған. Олар: 

• металл шоттар,

• банк ұяшықтарында сақталуда жатқан ақшалар мен құнды заттар,

• депозиттік сертификаттар,

• ислам банктері, оның ішінде шетелдік ислам банктерінің Қазақстан аумағында ашылған филиалдарындағы депозиттер.

8 Банк лицензиясынан айырылған кезде кепілді өтемді төлеу қанша уақытқа созылады? 

ҚДКБҚ салымшылармен өз бетімен есеп айырысуды жүргізбейді. 

Өтініштер қабылдап, есептеулерді жүргізу үшін Қор істеп тұрған, жеткілікті филиалдық желісі және инфрақұрылымы бар, тұрақты банктер қатарынан агент банкті тағайындайды. Бұл банк лицензиясынан айырылған банктің салымшыларымен бір жыл бойында есеп айырысулар жүргізеді. Егер салымшылар төлем мерзімін өткізіп алса, олардың талап етпеген өтем ақшалары БЖЗҚ-ға салымшылардың ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына аударылады. Қазір ҚДКБҚ таратылып жатқан тоғыз банктің салымшыларына дәлелді себептерге байланысты өтем төлеу бойынша олардан өтініштер қабылдауды жалғастыруда.

 

9 Екінші деңгейдегі банктердің арасынан сенімдісін қалай таңдап, қалай бағалауға болады?

ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы барлық банктерде салымдардың тең дәрежеде қорғалуын қамтамасыз етеді. Инвесторлар секілді салымшыларға да банктің сенімділігін бағалауға және жинақ ақшаны орналастыру бойынша ақылға қонымды шешім қабылдауға Moody’s, S&P және Fitch Ratings сынды халықаралық рейтингтік агенттіктердің рейтингі көмектесуі мүмкін.   

Бұл деректер осы агенттіктердің интернет-ресурстарында, сондай-ақ банктердің ресми сайттарында ресми түрде жарияланады және жалпыға бірдей қолжетімді. ҚДКБҚ талдаушылары өз кезегінде салымшыларға қолайлы болуы үшін қазақстандық банктердің рейтингі туралы ақпаратты Қор сайтындағы жиынтық кестеде өзекті күйде болуына қолдау көрсетеді. Одан басқа, kdif.kz сайтының «Қаржылық сауаттылық» бөлімінде кеңейтілген нұсқаулық қолжетімді. Онда рейтингті қалай оқу керектігі және тағы қандай көрсеткіштерге назар аудару керектігі жазылған.     

10 Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы ресми ақпарат қайда жарияланады?

Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы өзекті ақпарат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының kdif.kz ресми сайтында қолжетімді.   

Мысалы: 

• егер салымдар бірнеше болса, теңгедегі, валютадағы депозиттер бойынша кепілдікті онлайн есептеу калькуляторы жұмыс істейді,• Қор салымдардың әрбір түрі – жинақ,мерзімді және мерзімсіз салымдар арасындағы артықшылықты, шектеуді және айырмашылықты егжей-тегжейлі сипаттайды, банктердегі сыйақы мөлшерлемелеріне тұрақты түрде шолу жасайды, • салымшылармен арадағы есеп айырысу үдерісі рет-ретімен келтірілген, заңнамада көрсетілген мерзімдер көрсетілген. 

Сонымен қатар жаңалықтар мен білімдік материалдар Қордың әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қолжетімді:   

• Telegram: KDIF_info;• Instagram, Facebook: Deposit.kz.

Еске саламыз, ҚДКБҚ 1460 нөмірлі байланыс орталығы қоңыраулар мен хабарламаларды ұялы және қалалық нөмірлерден тегін қабылдайды. Операторлар жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін ақыл-кеңес береді, ал жұмыс емес күндері кері байланыс үшін хабарлама қалдыруға болады.

TSARKA қолдауымен