Samsung Innovation Campus бағдарламасының қатысушысы Ақтөбеде оқушыларға бағдарламалауды үйретуде

Samsung Innovation Campus бағдарламасының қатысушысы Ақтөбеде оқушыларға бағдарламалауды үйретуде

Samsung Innovation Campus әлемдік бағдарламасы Қазақстанда 2017 жылы іске қосылды. Осы жобаның арқасында 8 жыл бойы еліміздегі көптеген оқушылар және студенттер ең өзекті салада өздеріне мансап жасауға көмектесетін, сыныптан тыс тегін IT-білімге қол жеткізіп отыр. 

2023 жылғы түлектердің бірі Ақтөбелік студент Ұлан Жоламанов, қазіргі таңда ол өзі Samsung Innovation Campusоқытушысы болып, мектеп оқушыларын және студенттерді Python тіліндегі бағдарламалауға оқытады. 

​Оқытудан бөлек, сонымен бірге өзіне маман ретінде дамуға мүмкіндік беретін, әртүрлі бағдарламалық жобаларды әзірлеумен белсенді түрде айналысады. 

Ұланның туып-өскен жері Ақтөбе қаласы болғандықтан №6Г. Актаев атындағы орта мектепті аяқтады. Дәл сол мектеп қабырғасында оның бағдарламалауға деген қызығушылығы артты. «Алдымен менің компьютердің қалай жасалғандығы, оның жұмысының артында қандай құпияның бар екендігін білгім келді. «Уақыт өте келе бұл әуестік бағдарламаларды жасауға деген терең қызығушылыққа және әртүрлі шешімдерді жасап шығаруға ұласты». 

Samsung Innovation Campus жобасы енді ғана Ақтөбеде пайда болғанда, Ұлан жоба туралы университетте білді. Өзі де IT саласына қызығушылық танатындықтан, өз білімін бекіту үшін бағдарламаға қатысуға бекінді. Мен Ақтөбедегі Кампустың бірінші легінің бірінші қатысушылары қатарынан табылдым. Кампус маған өзімнің бойымдағы дағдыларды жүйелендіруге, жаңа технологияларды игеруге және IT-ға құмар адамдармен танысуға септігін тигізді. 

​Бағдарламадағы өзінің оқуын Ұлан тебіреніп еске алады. Ол Кампустағы оқуын университетпен қатар алып жүрді, осыған бола бағдарламалауға толығымен еніп кетіп,оқу орнындағы дәрістерді жіберіп алатын. Оны бірде тіпті ұстап алды,

«Мен ең нашар жағдайға дайын болдым және бұл оқудан шығаруды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деп ойладым. Бірақ күтпеген жерден жағдай менің пайдама шешілді: мұғалімдер менің IT саласында оқып, дамытқым келетінін түсінді және жіберіп алған сабақтарымды онлайн алуға мүмкіндік берді. Бұл мен үшін, егер сіз шынымен де білімге ұмтылсаңыз, сіз әрқашан жаңа жол таба алатыныңызды растайтын маңызды сәт болды "-деп есіне алады Ұлан.

 Курстарды аяқтағаннан кейін және кейде бірінші курс студенттеріне сабақ беруге тура келетін университет тәжірибесі кезінде ол өз уақытын оқытуға және білімін беруге арнауды шешті. Осылайша, ол туған қаласында Python курсын үйрете бастады. Шәкірттері туралы айта келе, Ұлан мектеп оқушыларының қазіргі ұрпағы жаңа технологиялар мен құралдарға тезірек бейімделетінін, өйткені олардың бала кезінен цифрлық ортамен әрекеттесу тәжірибесі мол екенін атап өтті.

​"Ақтөбеде студенттер мен оқушылар арасында бағдарламалауға деген қызығушылық үнемі артып келеді. Көпшілік IT жай ғана қызықты сала емес, табысты мансап құрудың нақты мүмкіндігі екенін түсінеді. Әсіресе, тәуелсіздікке ұмтылып, халықаралық компанияларда немесе өз жобаларында жұмыс істегісі келетіндер бағдарламалауды әлеуметтік лифт ретінде қарастырады", - деп бөлісті Ұлан аймақтағы бағдарламалауға деген қызығушылықты талқылап.

Ұлан да болашағын IT және ұстаздық саладан көреді. Оның мақсаты жай ғана оқыту емес, студенттерге IT саласында өсу мен дамуға нақты мүмкіндіктер беру. Кім біледі, мүмкін Samsung Innovation Campus-тің қазіргі түлектерінің бірі болашақта Ұланның орнына мұғалім болып қалар. Және міндетті түрде әлемімізді одан әрі жақсарта түседі.

TSARKA қолдауымен