Шымкентте Shymkent Hub өңірлік технопаркі ашылды

Шымкентте Shymkent Hub өңірлік технопаркі ашылды

Шымкентте Shymkent Hub өңірлік технопаркі өз жұмысын бастады.
Жаңадан ашылған Shymkent Hub – еліміздегі 15-ші өңірлік кешен. Оның негізгі мақсаты – технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілету, StartUp мәдениетін қалыптастыру, IT-саласы мен цифрлық білім беруді дамыту.

Өңірлік хабтың ашылуы аясында Tolem, Alaqan, Digital cargo мен iUtest сияқты еліміздің ірі IT StartUp көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар TechOrda бағдарламасы шеңберінде IT-компаниялар, робототехника мектебі мен жеке IT-мектептер және Шымкент қаласындағы инновациялық жобалардың жұмысы көрермен назарына ұсынылды.

“Shymkent Hub-тың ашылуы – тек Шымкент қаласындағы маңызды оқиға емес, Қазақстанның IT-саласын дамытудағы айтулы кезең. Осы жылдың соңына дейін бұл тәжірибені еліміздің барлық аймағында іске асыруды жоспарлап отырмыз. Мұндай орталықтар инновация катализаторына айналып, жас таланттар жарқын идеяларын жүзеге асыру үшін ең үздік тәжірибелер мен ресурстарға қол жеткізе алады. Бұл бастама өңірлердегі талантты мамандарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді”, - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев.

Shymkent Hub қабырғасында Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламалары жүзеге асырылады. Мұнда IT-қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ететін игі шаралар өтеді.

 TSARKA қолдауымен