Smart Data Ukimet жобалары WSIS Prizes 2025 халықаралық сыйлығының финалына шықты

Smart Data Ukimet жобалары WSIS Prizes 2025 халықаралық сыйлығының финалына шықты

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Smart Data Ukimet (SDU) командасының екі жобасы WSIS Prizes 2025 беделді халықаралық сыйлығының финалдық кезеңіне өткенін хабарлады:

Digital Family Card (Цифрлық отбасы картасы) — мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж отбасыларды анықтау мақсатында барлық отбасыларды бес санатқа бөлетін әл-ауқат скорингтік моделі. Жоба AL C1. The role of governments and all stakeholders in the promotion of ICTs for development номинациясына ұсынылды.

Family Prosperity Hub (Шешім қабылдауды қолдау жүйесі) — жасанды интеллектті пайдалана отырып, кез келген деңгейдегі аумақтық округтердің әл-ауқат деңгейін бағалау моделі. Бұл жүйе мұқтаж отбасылардың санын анықтауға және көмек көрсету бойынша тиімді стратегия құруға мүмкіндік береді. Жоба AL C7. E-Government номинациясына ұсынылды.

Екі жоба да әлемнің түкпір-түкпірінен келген шамамен 1000 өтінімнің арасынан үздіктер қатарына кірді. Қазіргі уақытта 2025 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасатын қоғамдық дауыс беру жүріп жатыр.

Қазақстандық жобаларды қолдауға болады мына сілтеме арқылы: Дауыс беру

  • AL C1. ICTs for development санатында Digital Family Card таңдаңыз
  • AL C7. E-Government санатында Family Prosperity Hub таңдаңыз


Сондай-ақ, суреттегі QR-кодты сканерлеп дауыс беруге болады. Министрлік Қазақстанның цифрлық болашағын дамытуға қосқан үлесі мен қолдауы үшін баршаңызға алғыс білдіреді.

TSARKA қолдауымен