Sony аймақтық шектеулерді алып тастады: Қазақстандағы Steam қолданушыларына ойындар қайта қолжетімді болды

13 маусымда Sony компаниясы Steam дүкеніндегі өз ойындарын сату бойынша аймақтық шектеулердің бір бөлігін алып тастады. Бұл дегеніміз, PlayStation Network (PSN) ресми түрде жұмыс істемейтін Қазақстан және басқа да елдердегі геймерлер PlayStation Publishing LLC шығарған бірқатар танымал ойындарға қайта қол жеткізді.
Енді Қазақстандық Steam аккаунты арқылы келесі танымал ойындарды сатып алуға болады:
● Helldivers 2
● The Last of Us Part II Remastered
● God of War Ragnarök
● Stellar Blade
● Marvel’s Spider-Man 2
Бұл шешім шектеулер енгізілгеннен кейін бір жылға жуық уақыт өткен соң және PlayStation басшысы Герман Хульсттың отставкасынан шамамен бес ай өткеннен кейін қабылданды. Еске салсақ, 2024 жылдың мамырында Sony PSN-ге міндетті тіркеу талаптарына байланысты өз ойындарының Steam-дегі сатылымын 170-тен астам елде шектеген еді. Бұл көптеген пайдаланушыларға ойындарды тіпті автономды режимде де іске қосуға мүмкіндік бермей тастаған болатын — соның ішінде Steam Deck құрылғыларында да.
Алайда, кейбір ойындар әлі де қолжетімсіз күйінде қалып отыр. Олардың қатарында:
● Ghost of Tsushima
● Until Dawn
● LEGO Horizon Adventures
● Horizon Zero Dawn Complete Edition
Бұл тайтлдардағы шектеулердің сақталу себебі нақты айтылған жоқ.
Шектеулердің алынуы Қазақстандағы геймер қауымдастығы тарапынан жағымды реакция тудырды. Бұған дейін қолданушылар PSN болмаған жағдайда ойындарды сатып алу және іске қосу мүмкін еместігіне шағымданып келген болатын.
Енді Қазақстандық Steam аккаунты иелері Sony ойындарын қайтадан ешқандай шектеусіз сатып алып, ойнай алады.