«Сөз шебері: Үлкен сахна» конференциясына 130-дан астам тыңдаушы қатысты

Астанадағы Rixos President Astana қонақ үйінде «Сөз шебері: Үлкен сахна» атты екінші конференция өтті. Іс-шараға 130-дан астам тыңдаушы қатысты. Үміткерлердің арасынан 8 спикер қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы іріктеліп, финалдық бағдарламаға енді.
Кештің басты тақырыбы – «Байланыс – нәзік жіптей». Спикерлер ата-анамен, сүйіктілермен, әріптестермен, серіктестермен және клиенттермен қарым-қатынас тақырыбын көтерді. Олар клиенттермен түсініспеушіліктен бастап, жақын адамдарынан айырылуға дейінгі қиын сәттерді қалай еңсергені туралы жеке және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуынша, қандай жағдай болмасын, оптимизмді жоғалтпау, өмірге деген құштарлықты сақтау және жаңалықтан қорықпау маңызды.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Үлкен сахна» жобасының мақсаты — көпшілік алдында сөйлеу тек сахналық қойылым емес, ол ең алдымен өз-өзіңмен, тыңдаушымен, әлеммен байланыс орнату. Бүгінде шыншылдық, жеке тарих пен тәжірибемен бөлісуге дайын болу кез келген шешендік техникадан маңыздырақ. Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде шынайы адами байланысты жоғалтпау, соның ішінде сахнада да – ерекше мәнге ие.
2025 жылғы көпшілік коммуникация трендтері осы конференцияда айқын көрініс тапты. Қазір тыңдаушылар формалды, «дұрыс» баяндамаларды емес, шынайы оқиғалар мен нағыз адамның дауысын күтеді. Көптеген спикерлер өз жеке тәжірибесіне, ішкі өзгерісіне сүйеніп сөз сөйледі.
Сонымен қатар, бұл конференция – қазіргі таңда 1900-ден астам адамды біріктіретін қауымдастықтың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Соңғы жылдары адамдар тек білім мен контент емес, өзін түсінетін, бірге өсіп, пікірін білдіруге болатын орта іздейді. Осы себепті профессионалдық және тұлғалық қауымдастықтар жаңа білім, қолдау мен нетворкинг алаңына айналуда. Олар ресми курстардың баламасына, soft skills-ті дамыту құралына және мотивацияны сақтаудың жолына айналды.
Конференция спикерлері түрлі салалардан шыққан – қонақүй бизнесінен бастап медицинаға дейін. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бастысы – спикердің лауазымы емес, дауыстардың әртүрлілігі, инклюзивтілік және тәжірибемен шын жүректен бөлісуге дайын болу.
Спикерлер кураторы Анна Максимейконың айтуынша, дайындық шамамен екі ай ішінде жүргізілді. «Халықтық дауыс беру болғанымен, финалға өткен спикерлердің бәрі бірден тақырып таңдаған жоқ. Біз ең алдымен, спикердің өзі эмоционалды түрде үн қататын тақырыпқа мән бердік – бұл негізгі өлшем болды. Кейін материалдың берілу техникасын реттедік. Бірақ, барлық қатысушылар шешендік өнер мектебінің түлектері болғандықтан, бұл оңай өтті. Олар ішкі қобалжуды жеңіп, үлкен аудитория алдында сөз сөйледі – бұл әрі өздері үшін, әрі тыңдаушылар үшін өте құнды тәжірибе болды».
«Сөз шебері» шешендік мектебінің негізін қалаушы және Ораторлар клубының жетекшісі Олег Рейтаровтың айтуынша, соңғы 7 жылда бұл қауымдастық тұрақты түрде жиналып, ойларымен, идеяларымен алмасатын, дос болатын және бірлескен жобалар жасайтын ортаға айналды.
Сол жобалардың бірі – екінші конференцияға дайындық процесіне арналған «Сөз күші» атты сериал. Сериал мектеп түлектерінің командасы күштерімен түсірілді.
Сценарий авторы Айжан Акакулованың айтуынша, бұл жоба ұйымдастырушылар үшін үлкен сынақ болды, бірақ өзара қолдау мен бірлескен жұмыстың арқасында мақсат орындалды.
«Сөз шебері: Үлкен сахна» конференциясы серіктестеріне: Life Fitness фитнес-клубы, Doctor Dent стоматологиясы, Rixos President Astana, Paparazzi Media және Bluescreen.kz – технологиялық трендтерге арналған басылымына үлкен алғыс білдіреді.