Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне таяды

Спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне таяды

Астанада 10 шілдеде спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан чемпионатының ақтық сайысы өтеді. Astana IT University қабырғасында өтіп жатқан жарыста  үздік шыққан 40 қатысушы өзара бақ сынайды.

Айта кетейік, іріктеу кезеңдерден сүрінбей өткен 40 бағдарламашы еліміздің әр өңірінен жиналғандар. Олар берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, өздерінің жүзден жүйрік екендіктерін дәлелдеді. Өйткені сайыста әр қатысушы ең әуелі ғылыми және логикалық ойлаудың жоғары деңгейін көрсете білуі тиіс.

Digital Nomads Kazakhstan өкілдерінің және елдегі спорттық бағдарламалау саласындағы жетекші мамандардың мұрындық болуымен өткізіліп жатқан чемпионаттың жүлде қоры - 3 000 000 теңге.

Ал жарыстың бас серіктесі - Freedom Holding Corp компаниясы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстық негізгі мақсаты - спорттық бағдарламалауды халық арасында кеңінен насихаттау және дамыту. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионаты финалының ойындары 10 шілдеде сағат 10:00-де YouTube-тегі федерацияның ресми парақшасында www.youtube.com/@cpfedkz. онлайн көрсетіледі.

TSARKA қолдауымен.