Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ағымдағы нәтижелер туралы баяндады. Ағымдағы жылы 44 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Министрдің айтуынша, маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу.
«Азаматтар цифрлық құжаттардың негізінде физикалық құжаттарсыз-ақ ел ішінде ұшақтармен, пойыздармен еркін жүре алады.