4 қарашада Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында 13-ші Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев бастаған делегация қатысты.
Жаслан Мадиев өз сөзінде Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерін, инновациялық экожүйенің дамуын, стартаптарды қолдау мен жасанды интеллект технологияларын түрлі