Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылдың басында алтынмен қамтамасыз етілген цифрлық инвестициялық монетаны іске қосатынын жариялады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов XII Қаржыгерлер конгресінде жаңа жобаны таныстырып, монетаны цифрлық форматта сатып алу, сату және айырбастау мүмкіндігі AIX және Tabys платформалары арқылы қолжетімді болатынын атап өтті. Сонымен қатар, монеталарды физикалық алтын инвестициялық