Tamyr Platform Орталық Азиядағы әлеуметтік жобаларға 10 млн теңгеге дейін грант ұсыну үшін өтінім қабылдауды бастады

Tamyr Platform Орталық Азиядағы әлеуметтік жобаларға 10 млн теңгеге дейін грант ұсыну үшін өтінім қабылдауды бастады

Tamyr Platform акселераторы Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік стартаптарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлады. Бағдарлама EA Charity қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Жалпы гранттық қор — 130 миллион теңге. Өтінімдер 2025 жылдың 21 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында қабылданады.

Tamyr Platform – EA Group холдингінің корпоративтік қайырымдылық қоры EA Charity жүзеге асырып отырған коммерциялық емес акселерациялық бағдарлама. Жоба Қазақстанда негізін қалап, бүкіл Орталық Азия ауқымында жүзеге асырылады. Акселератордың басты мақсаты — Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ білім беру, мәдениет, медицина және экология салаларындағы қоғамдық маңызы бар бастамалардың тұрақты өсіп-өркендеуіне жағдай жасау. Бағдарлама қоғамда жүйелі әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге қол жеткізуді көздейтін кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Акселератордың алғашқы легінде 25 жуық жоба іріктеліп, оларға 5-10 миллион теңге грант берілмек. Tamyr Platform жалпы грант қоры 130 миллион теңгені құрайды. Қаржыландыру кезең-кезеңімен, міндетті аралық және қорытынды есептер негізінде жүзеге асырылады. Акселераторға қатысуға өтінімдер Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік кәсіпкерлерден қабылданады.

Бағдарлама қатысушылары қаржылай қолдаумен қатар Алматыдағы резиденцияда жетекші сарапшылардан бір апта бойы тәлім алу мүмкіндігіне ие болады. Акселератор аясында құқықтық мәселелер, фандрайзинг, маркетинг, команда құру және қаржыны жоспарлау бойынша білім беру модульдері қарастырылған. EA Group Holding, EA Charity Fund топ-менеджерлері, Tamyr Platform кураторлары, қордың серіктестері мен үкіметтік емес ұйым сарапшылары тәлімгерлік қолдау көрсетеді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін де қатысушылар тәлімгерлер желісімен байланыста болып, қормен әріптестікті жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

Қатысушыларды іріктеу екі кезеңнен тұрады: платформа ресми сайтында онлайн-өтінім беру және сарапшылар комиссиясымен сұхбат. Оқу барысында қатысушылар өз жобаларын қорғауы тиіс.

«Tamyr Platform – бұл жай ғана грант байқауы емес. Біздің мақсатымыз – аймақтағы әлеуметтік көшбасшылардың өсіп-дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Бізге олардың жобасына бастапқы кезеңде көмектесіп қана қоймай, аймақтағы жағдайды шынайы түрде өзгерте алатын азаматтардың өзара байланысын нығайту да маңызды. Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлер – қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге жауапкершілікпен қарайтын адамдар. Біз олардың әлеуетіне сенеміз. Tamyr Platform – олар үшін қаржыландыру көзі ғана емес, шынайы дамуға жол ашатын экожүйе», – дейді EA Charity Fund директоры Айдар Бөрібаев.

Акселераторға қатысу үшін стартаптар келесі талаптарға сай келуі тиіс:

- жобаның нақты әлеуметтік әсерінің болуы;

- команда жобаны іске асыруға және есептілікті қамтамасыз етуге дайын болуы керек;

- жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігі;

- әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық жолдары.

Қатысуға ниетті үміткерлер 2025 жылдың 21 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында Tamyr Platform жобасының ресми сайтына өтінім бере алады. Бұл платформа — EA Charity Fund қорының Орталық Азиядағы әлеуметтік мәселелерді шешуде кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету арқылы өз үлесін қосуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бағдарлама бір реттік көмекке емес, ұзақ мерзімді, жүйелі қолдауға негізделген.

TSARKA қолдауымен