«Таза Қазақстан»: халыққа өтінім берудің жаңа сервисі пайда болды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты.
Осы арқылы енді кез келген тұрғын өз өңіріндегі проблемалық жерлер, жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, абаттандырудың және қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселелер туралы ақпараттарды жариялай алады.
Ал содан кейін бұл мәселеге жауапты органдар назар аударып, берілген тапсырманы орындауы тиіс. @TazaQazBot телеграм-чат-боты арқылы олар да жасалған жұмыстары туралы есеп бере алады.
“Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда түсініктеме береді. Кері байланыс ретінде пайдаланушылар орындаушыны тағайындау және жұмысты аяқтау туралы хабарламаларды тікелей Телеграм-ботта алады. Өтінімді орындағаннан кейін олар орындалған жұмыстың сапасын бағалап, барлық өтінімдерін қарай алады”, - делінген хабарламада.