TikTok #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды

Бейнероликтер жасауға арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білімминистрлігінің қолдауымен өткізілген #Қазақстанмұғалімдері жыл сайынғы байқауын қорытындылады. Байқау үшінші рет еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім мен білім беру мазмұнын насихаттауүшін креативті форматтармен тәжірибе жасаудан қорықпайтын талантты оқытушыларды біріктірді.
Сайысқа қатысуға мектеп мұғалімдері мен колледждермен жоғары білім беру мекемелерінің оқытушылары атсалысты. Қатысу үшін олар платформада өз пәндерітуралы танымдық бейнероликтер жариялауы керекболды. Байқауға бүкіл елден жүздеген оқытушықатысты, ал #УчителяКазахстана және #қазақстанмұғалімдері ресми хэштегтерімен білім беру роликтерінің саны 80 мыңнан астам құрады.
Бастаманы ілгерілетуге жоба амбассадорларыкөмектесті, оның ішінде химия пәнінің мұғалімі ҰланҮсенов @wannabeteacher, сондай-ақ өткен жылғыбайқау жеңімпаздары физика пәнінің мұғалімі ХамзаДәулетбек @khamza_d пен робототехника пәнініңоқытушысы Хайдар Мырзахметов @neverhaid бар. Аталған авторлар оқытушыларға арналған арнайывебинарда сөз сөйлеп, танымдық мазмұнды TikTok-тыңкең аудиториясын қызықтыратындай етіп қалай түсірукеректігін айтып берді.
Оқыту роликтерін орналастырып, ең көп лайк пен қаралым жинаған үш оқытушы байқау жеңімпазыатанды.
• Математика мұғалімі Байболат Сейдахан @baibolll миллиондаған қаралым жинайтын қазақ тілінде бейнероликтер жасайды. Автор мұндай танымалдылыққа күрделі есептердің шешімдерінтүсіндіретін және логикаға арналған тапсырмаларды ұсынатын мазмұн арқасында иеболды. Бейболат математикалық білімнің нақтыөмірдегі мәселелерді шешуге қалай көмектесетінін көрсете отырып, математиканы практикалық қолдануға баса назар аударады. Жас педагог математика - формулалардың қызықсыз жиынтығы емес, әлемді түсінудің қызықты құралы екенін көрсетеді.
• Евгений Солоницын @eugenius_official – оқушылардың тілінде сөйлесетін алгебра және геометрия пәнінің жас мұғалімі. Ол әзіл мен өмір мысалдарын белсенді қолданып, кең аудиторияны қызықтыратын қызықты бейнероликтер жасайды. Мысалы, роликтердің бірінде ол шөлде қанша құмбар екенін қалай есептеуге болатынын түсіндіреді.
• Марина Франгулиди, бір мектепте 37 жылдық тәжірибесі бар мұғалім білімімен ғана емес, сонымен қатар жеке ойларымен және әдістемелі кұсыныстарымен бөліседі. Оның аккаунты - мұғалім жұмысына деген ерекше көзқарас. Мысалы, роликтерінің бірінде ол оқушылардың өміріндегі жетістіктерге әсер етуі мүмкін факторларды талқылағаннан кейін өз ойымен бөліседі. Маринаның контенті білім беру процесіне деген қызығушылықты арттырумен қатар басқамұғалімдерді де қолдауға бағытталған.
Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы iPhone 16 Proсмартфон түріндегі құнды сыйлыққа ие болады, бұлоларға TikTok платформасы үшін одан да жақсымазмұн жасауға көмектеседі.