TikTok LIVE Fest 2025 стримерлер фестивалін жариялады
TikTok бейнероликтерді жасау және көру бойынша жетекші платформасы бүкіл әлем стримерлерін ортақ алаңға жинайтын TikTok-тың ең ірі жыл сайынғы кезектііс-шарасы – TikTok Қазақстанда LIVE Fest 2025 фестивалінің басталғанын жариялайды.
TikTok LIVE – креаторлар тұтас қауымдастықтар құрып, аудиториямен тікелей өзара әрекеттесетін және контент жасайтын қарым-қатынас пен шығармашылық тоғысатын кеңістік.
Өткен жылы фестивальға әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 6 миллион стример қатысып, жалпы көрермен саны 477 миллионға жеткен еді. БиылғыLIVE Fest 2025те креаторлар үшін маңызды әрі айтулы оқиға болары сөзсіз. Қызықты стримдер мен фестиваль барысын #livefest2025 хештегі арқылы бақылауға болады.
Әрбір эфир - әлемдік финалға жетелейтін мүмкіндік
Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Байқау 7 қарашада басталды және қатысуға ниет білдірген кез келген адам өтінім бере алады. Бұл кезең онлайн форматта өтеді: креаторлар ойын түріндегі сайысқа түсіп, көшбасшылар рейтингінде жоғарылайды, аудиториясымен белсенді байланыс орнатып, өз қауымдастықтарын жандандырады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қатысушылар өз талантын, шығармашылық көзқарасын және тікелей эфирде көрерменді еліктіру шеберлігін көрсете алады.
Желтоқсан айында фестивальдің ауқымды әлемдік финалы өтеді, онда жаһандық деңгейдегі әртістер мен танымал LIVE-креаторлар ұмытылмас ерекше шоу көрсетеді. Байқауға геймерлер, музыканттар, оқытушылар, сондай-ақ TikTok LIVE арқылы тәжірибесінбөлісіп, шабыт сыйлайтын және аудиториясына әсер етуді мақсат тұтқан кез келген креатор қатыса алады.
Қазақстандағы TikTok LIVE қауымдастығының күшеюі
TikTok LIVE - әртүрлі елдердің, мәдениеттердің және тілдердің өкілдерін біріктіретін орта. Мұнда креаторлар өз тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік оқиғаларын айтып, сенім мен шынайылыққа негізделген ортақ қауымдастықтар құрады.
Орталық Азия мен Кавказ елдерінің стримерлер қауымдастығы @tiktoklive_eecca өңірдегі креаторлар қолдау табатын, жаңа форматтарды қолданатын және күн сайын көрермендермен шынайы байланыс орнататын маңызды орталыққа айналды. Мұнда музыканттар live-концерттер өткізеді, геймерлер өз геймплейлерін көрсетеді, ұстаздар онлайн-сабақтар жүргізеді, актерлер мен блогерлер ерекше атмосфералы эфирлер жасайды, жаңа стримерлер алғашқы қадамдарын жасап, аудиториясының көңілінен шығып, шабыт алады.
Қазақстан TikTok LIVE өңірлік қауымдастығында ерекше орын алады және платформа пайдаланушыларына жергілікті жаңа таланттарды таныстырады. Солардың ішінде жергілікті LIVE-комьюнитидің дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше жарқын өкілдер бар:
• @anarbatyrkhan – актриса және әнші, оның музыкалық эфирлері кең аудиторияны жинайды. Жанды орындау арқылы ерекше атмосфера жасай отырып, көрермендердің назарын оңай ұстай алады және өз шығармашылығы айналасында ынталы қауымдастық қалыптастырады.
• @Suhrab_k – музыкант, таланты мен кәсібилігінің арқасында LIVE FEST 2024 жеңімпазы атанды. Әнші өзінің таза вокалы, шынайы өнер көрсетуі және жағымды сөйлеу мәнері арқылы аудиторияның ыстық ықыласына ие болды. Оның эфирлері ән шырқау ғана емес, нағыз музыкалық кештерге айналады.
Бос уақытты шабыттар мен мүмкіндіктер әлеміне айналдыру
TikTok-тағы тікелей эфирлер әдеттегі ойын-сауықтан тыс толыққанды форматқа айналды. Бүгінгі таңда бұл – білім алуға, тәжірибе алмасуға, шабыттандыруға және тіпті бұл бағытта толыққанды мансап қалыптастыруға мүмкіндік береді. TikTok LIVE креаторларға өз аудиториясымен жақын болуға мүмкіндік берсе, көрермендерге – эфирдің бір бөлігіне айналуға жол ашады.