TikTok ұсыныстар таспасын басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

TikTok ұсыныстар таспасын басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

TikTok пайдаланушыларға өздерінің ұсыныстар арнасындағы контентті одан әрі тиімді басқаруға көмектесетін жаңа функцияларды ұсынды. Жаңартулар видеолардың таңдаулы тақырыптарын баптауға, түйінді сөздер бойынша жетілдірілген сүзгіні пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ жекелендірілген контенттің қалай қалыптасатыны туралы жаңартылған білім беру ресурстарына қолжетімділік ұсынады.

TikTok әр пайдаланушы үшін жекелендірілген тәжірибе жасауға ұмтылады. Платформаның ұсыныстар арнасыоның бірегей және ажырамас бөлігі болып табылады: ол пайдаланушыларға жаңа сүйікті контент авторларын табуға, өздері үшін қызығушылықтардың жаңа салаларын ашуға және шын мәнінде әрқайсысына жеке іріктеп алынған контенттен ләззаталуға көмектеседі. Осы айда платформа пайдаланушыларға өз қалауларын өз қызығушылықтарына сәйкес бұрынғыдан да дәл баптауға мүмкіндік беретін жаңа функцияларды ұсынды.

Сіздің TikTok – сіздің қызығушылықтарыңыз

Әрбір TikTok пайдаланушысының ұсыныстар арнасыоның қандай контентті көбірек қарайтынына, қандай видеолар ол үшін көбірек қызығушылық тудыратынына негізделген. «Тақырыптарды басқару» деп алататынжаңа функция – бұл әр пайдаланушының жекеқызығушылықтарын ескере отырып, TikTok-ты неғұрлым жекелендірілген ету жолындағы тағы бірқадам. Ол белгілі бір санаттар бойынша контентті қаншалықты жиі көргіңіз келетінін таңдауға мүмкіндікбереді – мысалы, өнер, саяхат, спорт, сұлулық пен сән, тамақ, табиғат, әзіл және т.б. Баптауларды пайдаланушының қалаулары өзгеріп отыратынын ескере отырып, ұсыныстар арнасында белгілі біртақырып бойынша видеоның пайда болу жиілігін реттейді. Бұл ретте бұл жаңа енгізілім пайдаланушыларға қадағаланатын тақырыптар бойынша жаңа авторларды іздеуді жеңілдетеді. Мысалы, өз қызығушылықтары ретінде табиғатты немесе саяхатты таңдайтындар Қазақстанның көріктіаймақтарын көрсететін @zhuldyz_rakhmet немесе ішкітуризм мен шетелде саяхаттауға шабыттандыратын@travelove100 сияқты танымал креаторлардың, сондай-ақ ұқсас тақырыптарда контент жасайтын басқа авторлардың видеоларын жиіріек көре алады.  

Негізгі сөздер бойынша ақылды сүзгілеу

Тағы бір жаңарту бұрыннан бар негізгі сөздербойынша сүзгілеу функциясын кеңейтуге байланысты. Бұрын пайдаланушылар өздерінің ұсыныстар арнасындағы контенттің тақырыптарын шектеугеболатын негізгі сөздерді орната алатын. Бұлфункцияның арқасында бүкіл әлем бойыншапайдаланушылар жалпы алғанда 200 миллионнан астам негізгі сөздерді қолдана отырып, контенттісүзгіледі. 

Енді TikTok «Кеңейтілген сүзгіні» ұсынды – бұл негізгісөздер бойынша дәл сәйкестіктерді ғана емес, синонимдерді де, сондай-ақ мағынасына жақынсөйлемдерді танитын жетілдірілген құрал. Соныменқатар, негізгі сөздердің лимиті 200-ге дейін ұлғайтылды. Бұл жаңартудың арқасында арнада не пайда болатынын неғұрлым дәл басқаруға болады, осылайша әркім өзі үшін жайлы цифрлық кеңістіктіқалыптастыра алады. Мысалы, пайдаланушы«Мысықтар» негізгі сөзін пайдаланып, «мысықтар», «мысықт@р», «м ы с ы қ» және «марқау» сөздерін де сүзгілей алады. Ұқсас принцип бойынша ата-аналар жасөспірімдерге арналған TikTok ұсыныстар арнасындағы контентті алып тастайтын негізгі сөздердінемесе хэштегтерді таңдай алады.

Жаңа оқыту бөлімі

TikTok сонымен қатар TikTok Қауіпсіздік орталығында білім беру ресурсын іске қосады, онда ұсыныстар арнасының қалай жұмыс істейтіні және оны әртүрлі құралдардың көмегімен неғұрлым жекелендірілген және қауіпсіз ету жолы түсінікті түрде түсіндіріледі. Мұнда пайдаланушы ең жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар, практикалық кеңестер мен контентті басқару функцияларына қолжетімділік ала алады, бұл TikTok-ты күнделікті жаңалықтар үшін бұрынғыдан да қызықты кеңістікке айналдыруға мүмкіндік береді.

Видео ұсыныстарына жауапты көзқарас

Жаңа функциялар ересектердің, сондай-ақ жасөспірімдердің аккаунттарында қолданылады, олар қазірдің өзінде қолжетімді құралдар мен ұсыныстар арнасын басқару принциптерін толықтырады, олардың ішінде төмендегілер бар:

• Кең аудиторияға сәйкес келмейтін материалдарды шектеу мақсатында ұсыныстар арнасы үшін контентті іріктеудің қатаң критерийлерін қолдану, сондай-ақ контент деңгейлері (Content Levels) жүйесініңкөмегімен жасөспірімдердің ұсыныстар арнасына ересектерге арналған немесе күрделі тақырыптардағы контенттің түсуіне жол бермеу бойынша жұмыс.

• Пайдаланушыларға видеоның оларға «Қызық емес» екенін көрсетуге немесе «Қауіпсіз режимді» қосуға мүмкіндік беретін қосымша құралдар, ол кең аудитория үшін орынсыз болуы мүмкін контентті ұсыныстар арнасына жібермейді.

• Сирек қарау кезінде жол берілетін, бірақ шамадантыс мөлшерде алаңдаушылық тудыруы мүмкін контенттің белгілі бір түрінің жиі ұсынылуын шектеубойынша шаралар қабылдау — мысалы, экстремалды спортпен немесе фитнеспен шұғылдануға байланысты видеолар.

TSARKA қолдауымен