TikTok жыл сайынғы #Наурыз2025 онлайн-фестивалін іске қосады

TikTok – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген пайдаланушылар өз мәдениетінің сұлулығымен, бірегей дәстүрлерімен бөлісетін, сондай-ақ көктем мерекесі – Наурыз сияқты маңызды оқиғалар аясында бірігетін орынға айналды. Дәстүр бойынша, TikTok қазақстандықтарға сүйікті мерекесін тек жақындарының ортасында ғана емес, сонымен қатар платформа пайдаланушыларының миллиондаған аудиториясымен бірге атап өтіп, мерекелік көңіл-күймен бөлісуге мүмкіндік береді. #Наурыз, #Наурыз2023, #Наурыз2024 хэштегтері бойынша қазақстандықтар 100 мыңнан аса жарияланым жариялады.
Биыл TikTok пайдаланушыларды мерекеге дайындығы, оны қалай атап өтетіні туралы бөлісуге шақырады. 20 наурыздан 2 сәуірге дейін #Наурыз2025 хэштегі бойынша платформа пайдаланушыларға ұлттық тағамдар, сән, аңыздар мен дәстүрлер, музыка, би, қалалар мен ауылдардағы мерекелеу туралы түрлі тақырыптарда мазмұн жариялауды ұсынады.
Бастаманы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, "KazakhTourism" ҰК қолдап келеді, ал биыл жоба ҚР Ғылымжәне жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болды. Жобаға Қазақстанның жоғары оқу орындары белсенді қатысуда: Наурызға әл-Фарабиат. Қазақ ұлттық университетінің түрлі факультеттерінің студенттері дайындалып үлгерді - журналистика, биология, география, мехмат және тағы басқалары. Satbayev University қабырғалары мереке рухына бөленсе, Бөкетов ат. Қарағанды зерттеу университетінде домбыра үні сыңғырлайды, YessenovUniversity-де дәстүрлі спорт түрлерінен жеңіске жетуүшін жарысуда, ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті халықтық дәстүрлер күндерін өткізуде.
Жобаны танымал TikTok креаторлары да қолдапотыр: дарынды домбырашы Жақсылық Мұхаметжанов @zhakso_ "Қамажай" әнінің өз нұсқасын ойнап шықты, саяхат контентінің авторы Әсет Мырзабаев @travelove100 сүйікті мерекесін жақсы көңіл-күймен күтетінін білдірсе, @ult_kazynasy білім беру жобасының қатысушылары Наурыз туралы қызықты деректермен бөліседі.
Сондай-ақ Tik Tok пайдаланушыларына тікелей эфирде мерекелік бағдарлама дайындады:
• 19 наурыз, сағат 19:00-де дарынды домбырашы @zhakso_онлайн өнер көрсетеді
• 19 наурыз, сағат 20:00-де қазақстандықтарды @bylapshin.kz паста-шефтан бешбармактыңитальяндық нұсқасы бойынша бірегей аспаздықшеберлік сыныбы күтеді
• @ult_kazynasy білім беру жобасы 20 наурыз, сағат15:00-де Шымкенттегі Наурыз мерекесінен, ал 22 наурыз, сағат 14:00-де Түркістаннан тікелей эфир өткізеді.
Биыл TikTok Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алғаш рет мерекелік интерактивті аймақтар орналастырады. Аталған қала тұрғындары жобаға арналған бейнероликтерін мерекелік интерьерде әзірлеп, оларды жоба хэштегі бойынша қосымшаға жүктеп, конкурсқа қатыса алады. Платформаның ресми интерактивті кеңістіктерін келесімекен-жайлардан табуға болады:
• Астана: "ЭКСПО" ХКО, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1
• Алматы: Төле би мен Панфилов көшелерініңқиылысында
• Шымкент: Арбат, Әл-Фараби алаңы, 2/10