Тоқаев Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Google вице-президентімен кездесті

Тоқаев Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Google вице-президентімен кездесті

Astana International Forum аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Google вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Google компаниясының Қазақстандағы цифрлық трансформацияға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Ол еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразияның ірі цифрлық хабы мен жасанды интеллектіні барлық салаға енгізуде көшбасшы болу екенін ерекше айтты. Осыған орай Қазақстан цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция салуда.

Өз кезегінде Патрик Ворнкинг Қазақстанның қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру мен білікті мамандарды даярлау бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалап, жасанды интеллект технологиялары негізінде цифрлық болашақты құрудағы еліміздің әлеуетін атап өтті.

TSARKA қолдауымен