Тоқаев: ШЫҰ жасанды интеллектті дамытуда әлемдік флагманға айнала алады

Тоқаев: ШЫҰ жасанды интеллектті дамытуда әлемдік флагманға айнала алады

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммиті аясында цифрландыру мен жоғары технологияларды енгізудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, ұйымның болашағы экономиканы да, адамдардың өмірін де өзгертетін бірлескен шешімдерге байланысты.

Мемлекет басшысы 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 трлн АҚШ долларына жетіп, оның әлемдік технологиялық индустриядағы үлесі 30%-дан асатынын атап өтті.

«Бұл саладағы прогресс айқын, ол басқа стратегиялық салалардың дамуынан озық келеді. ШЫҰ жасанды интеллекттің жедел дамуының жаһандық флагманына айнала алады деп сенемін», – деді Тоқаев.

Қазақстан Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру бастамасын қолдап, бұл жобаны жүзеге асыруға өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді. Практикалық қадамдардың бірі ретінде ШЫҰ ЖИ жөніндегі сараптамалық форумын құру ұсынылды. Алғашқы кездесуді Астанада Digital Bridge форумының аясында өткізу ұсынылды.

Сонымен қатар, Қазақстан 2027 жылы «Жасанды интеллект ШЫҰ экономикаларына қызмет етеді» атты жоғары деңгейлі конференцияны және 2026 жылы жаңа технологиялық дәуір жағдайында ақпараттық саясатты талқылау үшін қатысушы елдердің БАҚ өкілдерінің кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдіев Қазақстанның ШЫҰ-ны елдердің күш-жігерін біріктіріп, ортақ ҒЗТКЖ жобаларын іске асыруға және өнеркәсіп, денсаулық сақтау, көлік, урбанистика мен деректерді басқару жүйелеріне «ақылды шешімдерді» енгізуге арналған платформа ретінде қарастыратынын айтты.

«Біз болашақ технологиялары аймақтың барлық мемлекеттеріне қолжетімді даму құралына айналуы үшін дайынбыз», – деп атап өтті министр.

TSARKA қолдауымен