Тоқаев Sinovation Ventures институтының басшысымен жасанды интеллектті дамыту мәселесін талқылады

Тоқаев Sinovation Ventures институтының басшысымен жасанды интеллектті дамыту мәселесін талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге танымал кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фумен кездесті.

Sinovation Ventures жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесу барысында Мемлекет басшысы озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, әлемдік жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформация саласындағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

Әңгіме барысында тараптар жасанды интеллектті қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және басқа да салаларға интеграциялау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қытай мен АҚШ-та бағдарламалық өнімдер мен жасанды интеллект әзірлеуге қатысу бойынша бай тәжірибеге ие Ли Кай-Фу Қазақстанның IT-инициативаларды енгізу және бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру саласындағы әлеуетін жоғары бағалады.

TSARKA қолдауымен