Тоқаев ЖИ дамуының этикасы бойынша халықаралық комиссия құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде бүгінгі таңда адамзаттың жаңа технологиялық дәуірге тез қарқынмен қадам басып жатқанын атап өтті.
Жасанды интеллект, үлкен деректер, биоинженерия және басқа да революциялық технологиялар даму саласын түбегейлі өзгертіп жатыр. Алайда этикалық нормалар прогрестің жоғары қарқынына ілесе алмай келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты ол рухани көшбасшылар, ғалымдар және технологиялық инженерлер арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Президент жасанды интеллект дамуының этикасы бойынша халықаралық комиссия құруды ұсынды. Оның міндеті — жауапты қолданудың әмбебап қағидаттарын әзірлеу. Бұл – «алгоритмдер үшін өсиеттер» іспеттес ережелер, олар адам қадір-қасиетіне құрметпен қарауды және тағдыршешті шешімдер қабылдауда кез келген дискриминацияға жол бермеуді көздейді.