TSARKA және Әзірбайжанның Электрондық қауіпсіздік қызметі меморандумға қол қойды
Бүгін Әзірбайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігіне қарасты Электрондық қауіпсіздік қызметі мен қазақстандық TSARKA компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Айта кетейік, бұл келісім Орталық Азия және Түркі мемлекеттері ұйымындағы елдердегі киберқауіпсіздікті нығайтудың маңыздылығын көрсетеді.
Бұған дейін TSARKA Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Өзбекстанның киберқауіпсіздік орталығымен серіктестік орнатқан болатын. Бұл өз кезегінде компанияның мемлекеттік ұйымдар арасындағы технологиялық шешімдерді өте сапалы әрі жылдам, сондай-ақ киберсауаттылық пен киберқауіпсіздік бойынша барлық шараларды жақсы атқара алатынын білдіреді.
TSARKA президенті Олжас Сәтиевтің айтуынша, екі ел арасындағы меморандум мемлекет және қоғамда технологиялық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді.