ЦДИАӨМ, Google және Apolitical мемлекеттік қызметкерлерге арналған жасанды интеллект саласындағы оқыту бағдарламасын іске қосады

ЦДИАӨМ, Google және Apolitical мемлекеттік қызметкерлерге арналған жасанды интеллект саласындағы оқыту бағдарламасын іске қосады

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Google.org және халықаралық Apolitical платформасымен бірлесе отырып, Build With AI for Public Sector 2025 бағдарламасының іске қосылатынын жариялады. Қазақстан Орталық Азия мен Кавказда бұл бастама жүзеге асырылатын алғашқы ел болды. Бағдарлама мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Инициатива мемлекеттік қызметтің әртүрлі деңгейіндегі қызметкерлерге — басқарушы буыннан бастап жергілікті орындаушыларға дейін — бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Бағдарлама мемлекеттік қызметкерлердің ИИ саласындағы негізгі білімдері мен дағдыларын дамытуды және халықаралық тәжірибені аймақтың ерекшеліктеріне бейімдеуді көздейді.

Бағдарламаның ашылуы Astana Hub-та офлайн-воркшоппен басталды. Оған цифрландыру және деректерді басқару саласындағы мемлекеттік органдардың 40 өкілі қатысып, халықаралық сарапшылармен бірге госсектордағы ИИ қолданудың үздік тәжірибелерін талқылады және өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Мемлекеттік қызметкерлердің цифрлық және ИИ құзыреттерін дамыту Қазақстанның цифрлық трансформация, технологиялық егемендік және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін мықты негіз қалайды. Google.org-тың жаһандық бастамасына Қазақстанның қатысуы еліміздің сенімді серіктес ретіндегі мәртебесін көрсетеді және халықаралық ИИ экожүйесіне интеграциялануға дайын екенімізді білдіреді. Алынған білім мен тәжірибе мемлекеттік басқарудағы өзекті мәселелерді шешуге қолданылып, аймақтағы цифрлық экономиканың дамуына серпін береді деп сенеміз», — деді Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.

Оқыту Google әзірлеген AI Sprinters әдістемесіне негізделген және мемлекеттік қызметкерлерге арналған жетекші халықаралық Apolitical оқыту платформасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама бойынша 160 елден 250 000-нан астам мемлекеттік қызметкер оқудан өткен. Енді бағдарлама Орталық Азияда алғаш рет іске қосылады.

Build With AI for Public Sector бағдарламасы бірнеше деңгейде өтеді: стратегиялық және қолданбалы. Оқыту үш кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезеңде цифрландыру саласындағы стратегиялық шешім қабылдауға жауапты 100 жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер оқытылады.
  • Екінші кезеңде әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың 1 000 маманы күнделікті тәжірибеде ИИ құралдарын енгізуге арналған қолданбалы оқытудан өтеді.
  • Үшінші кезеңде барлық мемлекеттік қызметкерлерге Apolitical әзірлеген Government AI Campus онлайн-платформасы арқылы бағдарламаның базалық деңгейіне еркін қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.


Барлық оқу материалы қазақ және орыс тілдеріне бейімделіп, аударылады, бұл кең аудиторияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Курс аяқталған соң қатысушыларға ресми сертификаттар табысталады. Бағдарламаның алғашқы кезеңінің нәтижелері мен ең үздік ИИ енгізу кейстері 2025 жылдың қазан айында Астанада өтетін Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында таныстырылады.

TSARKA қолдауымен