ЦДИАӨМ үйдегі Wi-Fi сапасын бақылауды қолға алмақ
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін ел аумағында сапалы байланыс орнатуды мақсат етіп отыр.
Асхат Оразбек атап өткендей, қазіргі уақытта негізгі назар үйлерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуға аударылуда. Бұл үйлерде, кеңселерде және адамдар жиі болатын басқа да орындарда тұрақты және сапалы Wi-Fi қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
“Біздің басты назарымыз – азаматтардың тұрақты болатын орындарында, яғни үйлерде немесе жұмыс орындарында, сапалы интернетпен қамтамасыз ету. Инфрақұрылымды жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, болашақта кез келген азамат кез келген ғимаратқа кіріп, Wi-Fi-ға қосылып, тұрақты әрі жылдам интернет ала алатындай жағдай жасау – біздің мақсатымыз”, – деп атап өтті Асхат Оразбек.