Цифрлық Қазақстан: 2025 жылы онлайн белсенділік қалай өзгерді

We Are Social компаниясы Meltwater-мен бірлесіп, әлемнің 230-дан астам еліндегі пайдаланушылардың цифрлық әдеттері туралы мәліметтерді қамтитын жаңа Digital 2025 жаһандық есебін жариялады. Құжат интернет пен мобильді байланыстың таралуынан бастап, әлеуметтік желілер мен электронды коммерция платформаларын қолдануға дейінгі негізгі аспектілерді қамтиды. Биылғы есепте ерекше назар жасанды интеллекттің рөліне, видеоконтенттің өсуіне және цифрлық жарнама тұтынуындағы өзгерістерге аударылған.
Біз Қазақстан бойынша жеке есепті зерттеп, елдегі цифрлық орта бір жыл ішінде қалай өзгергенін қысқаша жинақтадық. Толық есепті мына жерден жүктеуге болады.
Интернет пен мобильді байланыс
● Мобильді қосылымдар – 26,6 миллион белсенді SIM-карта (халық санының 128%-ы). Бұл көптеген адамдарда бір уақытта бірнеше SIM-карта барын білдіреді – мысалы, жұмысқа және жеке қолданысқа. Жылдық өсім: +2,5%.
● Кеңжолақты байланыс (3G, 4G, 5G) – мобильді қосылымдардың 95,7%-ын құрайды.
● Интернет қолданушылары – 19,2 миллион, бұл халықтың 92,9%-ына тең. Жылдық өсім: +1,3%.

Жылдамдықтар бойынша:
● Мобильді интернет – 53,7 Мбит/с (жылдық өсім +51%).
● Фиксированный интернет – 66,4 Мбит/с (жылдық өсім +29%).
Әлеуметтік желілер — көшбасшылар мен трендтер
Қазақстанда 15,7 миллион адам әлеуметтік желі қолданады – бұл халықтың 75,7%-ын құрайды.
● Әйелдер – 44,2%
● Ерлер – 55,8%
Жалпы интернет қолданушыларының 81,5%-ы әлеуметтік желілерде отырады.

Платформалар бойынша өсу:
● TikTok – ең үлкен өсім көрсеткен платформа:
○ Аудиториясы – 15,7 млн (ересек аудитория).
○ Жылдық өсім: +1,58 млн (+11,2%).
○ Интернетті қамту: 81,5%


● Instagram:
○ Қолданушылар – 12,4 млн (халықтың 59,8%).
○ Жылдық өсім: +2,5%, әсіресе соңғы тоқсанда.
○ Әйелдер – 60%, ерлер – 40%.
● Facebook:
○ Қолданушылар – 2,6 млн (интернет қолданушылардың 13,5%).
○ Жылдық өсім – жоқ, стагнация байқалады.
● LinkedIn:
○ Аудитория – 1,7 млн (+21% жылдық өсім).
○ Гендерлік тепе-теңдік: 50/50.
○ Негізінен ересек аудитория пайдаланады (18+ жастағылардың 12,5%).
● Snapchat:
○ Қолданушылар – 885 мың.
○ Құлдырау – 16,9%, бірақ соңғы тоқсанда аздаған өсім бар.
○ Аудиторияның 80,9%-ын әйелдер құрайды.
● X (бұрынғы Twitter):
○ Аудитория – 369 мың адам.
○ Жылдық өсім – +15,3%, бірақ нарықтағы үлесі аз – интернет қолданушылардың 2%-дан төмен.
Бұл бизнес пен digital-стратегиялар үшін нені білдіреді?
Қазақстан цифрлық қолжетімділік пен қатысу деңгейі бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетуді жалғастыруда. Жас аудиторияның белсенділігі, TikTok пен Instagram-ның өсуі, интернет жылдамдығының артуы — мұның бәрі елді видеоконтент, influence-маркетинг және mobile-first тәсілдер үшін перспективалы нарыққа айналдырады. LinkedIn-нің өсуі B2B-коммуникациялар мен HR бағыттары үшін өзекті.
Есепте сондай-ақ, жасанды интеллект цифрлық трансформацияның ажырамас бөлігіне айналып келе жатқаны атап өтілген. Қазақстан бойынша нақты AI деректері болмаса да, алдағы уақытта контент ұсыну жүйелерінен бастап маркетингті автоматтандыруға дейінгі жасанды интеллект негізіндегі сервистер белсенді дами бастайды деп күтуге болады.