Цифрлық теңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі

Цифрлық теңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты.

Оның айтуынша, цифрлы теңгенің басты мақсаты – оны мемлекеттік қаржы саласында қолдану. Мұндай қаражат арнайы шарттармен бағдарламаланады: оларды депозитке салуға, валютаға айырбастауға, шетелге шығаруға немесе мақсатсыз пайдалануға болмайды. Қаражат тек мемлекеттік орган жоспарлаған мақсат аясында жұмсалуы тиіс.

Цифрлы теңгені енгізу бюджеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуын шектеп, қаржылық операциялардың ашықтығын арттырады.

Бүгін Премьер-министр цифрлы теңгені 100-ден астам ірі жобада жедел енгізуді тапсырды.

TSARKA қолдауымен