“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамытуға 34 млрд теңге тартады

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамытуға 34 млрд теңге тартады

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ (ҰАТ) Қазақстанның мемлекеттік органдарының серверлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ірі жобаны іске қосады. Жобаны қаржыландыру үшін 34,3 млрд теңге мөлшерінде қарыз қаражаты Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) арқылы тартылады. Бұл – ҰАТ-тың IT-инфрақұрылымды дамыту мақсатында несие ресурстарын алғаш рет пайдалануы.

Жоба аясында заманауи серверлік жабдықтар сатып алынып, орнатылады. Бұл өз кезегінде:

 • Жоғары сенімділікті,

 • Деректердің күшейтілген қорғалуын,

 • Мемлекеттік қызметтердің цифрлық трансформациясын жеделдетуді қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Даму Банкі басқарма төрағасы Марат Елібаев: “Бұл жобаны жүзеге асыру мемлекеттік ақпараттық жүйелердің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, деректердің қорғалу деңгейін арттырып, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарта отырып, елдің цифрлық трансформациясы үшін маңызды қадам болады.”

Қарыз қаражатын пайдалану бюджетке қосымша жүктемесіз серверлік қуаттарды жылдам өрістетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мемлекеттік IT-жүйелердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

TSARKA қолдауымен