“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ және Халықаралық электрбайланыс одағы ТМД елдерінде электрондық үкіметті дамыту үшін күш біріктіруде

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ және Халықаралық электрбайланыс одағы ТМД елдерінде электрондық үкіметті дамыту үшін күш біріктіруде

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ (ҰАТ) және Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) GovStack халықаралық жобасы аясында ынтымақтастықты нығайтуда. Бұл жоба ТМД елдерінде цифрлық үкіметті дамытуға бағытталған.

Digital Almaty 2025 форумында тараптар қол қойылған келісімдердің түпнұсқаларымен алмасып, сондай-ақ “ҰАТ” АҚ мен Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) арасында жаңа келісімге қол қойды. Осы келісім аясында ЕДБ GovStack жобасын жүзеге асыру үшін гранттық қаржыландыру бөлетін болады.

GovStack дегеніміз не?

GovStack – бұл 2020 жылы ХЭО, Эстония, Германия және БҰҰ-ның қолдауымен Цифрлық Әсер Альянсы тарапынан құрылған бастама. Оның мақсаты – түрлі елдерде цифрлық трансформацияны жеделдету, құралдар, әдістемелер және сараптамалық қолдау ұсыну арқылы мемлекеттік басқаруда озық цифрлық шешімдерді енгізу.

Қазақстанның GovStack жобасына қатысуы қандай пайда береді?

Электрондық үкіметті дамыту және цифрлық мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Халықаралық серіктестермен үздік тәжірибелермен алмасу.

Референстік архитектуралар мен бизнес-процестерді қайта құруды қолдану арқылы тиімді цифрлық сервистерді дамыту.

Мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру, азаматтар үшін қолайлы ету.

“ҰАТ” АҚ Басқарма Төрағасы Баян Қонирбаев жобаның маңыздылығын атап өтті:

“Біз көрсетілген сенім үшін алғысымызды білдіреміз және бұл жобаның ауқымы мен маңыздылығын жақсы түсінеміз. Мұндай халықаралық серіктестермен жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар Қазақстан мен ТМД елдеріндегі электрондық үкіметті дамытуға үлес қосу үшін бірегей мүмкіндік. Біз GovStack жобасын сәтті жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.”

Жоба қалай қаржыландырылады?

GovStack жобасын жүзеге асыру ЕДБ-ның гранттық қаржыландыруымен қамтамасыз етіледі. Бұл Қазақстанға цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және алдыңғы қатарлы шешімдерді жергілікті қажеттіліктерге бейімдеуге мүмкіндік береді.

TSARKA қолдауымен