Umami қазақ мұрасынан шабыт алған балмұздақ ұсынды

Umami балмұздақ бренді Қазақстанның бай гастрономиялық дәстүрлеріне арналған жаңа дәмдертоптамасының шығарылғанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл соңғы жылдары байқалған қазақ мәдениеті мен ұлттықбірегейлікке деген қызығушылықтың артуын, сондай-ақата-баба мұрасын қазіргі қалалық өмірде – музыка, сән жәнегастрономия арқылы қайта жаңғырту үрдісін көрсетеді.

Жаңа дәмдер топтамасы дәстүрлі қазақстандықингредиенттерді заманауи үлгіде ұсынады. Идеялықшабыттандырушы және рецепттердің авторы – брендтің теңқұрылтайшысы, технолог әрі халықаралық деңгейдегіджелатерье Оксана Ким-Флайоск. Франция мен Италиядабілім алған Оксана гастрономия саласында мол тәжірибежинаған.

Жаңа топтама үш ерекше дәмді қамтиды: «Кілегейлі Құрт» – құрттың тұзды дәмі мен сүтті негіздің үйлесімі, «Тары мен Талқан» – сүтті шай мен қуырылған тарының үйлесімі, «Балқаймақ пен Ірімшік» – балқаймақтың қышқылтым дәмімен ірімшіктің карамельді тәттілігі.
Жаңа балмұздақ топтамасын әзірлеу барысында Umamiөзінің дәмнің мінсіз теңгерімі, жасанды қоспаларсыз таза ингредиенттерді қолдану және жергілікті шикізат жеткізушілерге басымдық беру сияқты қағидаттарына берікболды.
Umami балмұздақ топтамасы дәстүрлі қазақ дәмдерініңзаманауи инновациялармен үйлесіп, ерекшегастрономиялық әсер сыйлай алатынының жарқын мысалыболып табылады.
Жаңа топтаманың тұсаукесері баспасөзге арналған таныстырылыммен қатар өтті. Іс-шарада этнограф Айгерім Мұсағажинова әсерлі баяндама жасады, ол қонақтарға осы дәстүрлердің тарихи тамырлары туралы ғана емес, олардың бүгінгі күні қалай өмір сүріп, өзгеріп, заманауи мейрамханалар мен кафелердің мәзірінде көрініс табатыны жайлы әңгімеледі.

Бұл сөздер Umami-дің мұра мен жаңашылдық тоғысында жасалған жаңа дәмдерін таныстыруға қажетті мәдени контекст берді.
Umami бренді туралы: Umami – Алматы қаласынан шыққан балмұздақ бренді. Ол ингредиенттердің сапасына деген ымырасыз көзқарасы және дәм үйлесіміндегі бірегейлігімен танымал. Брендтің миссиясы – шын ниетпен балмұздақ жасау арқылы жарқын гастрономиялық әсер сыйлау.