Unico Play-лік Shabyt Lab: үш күнде елуге жуық жас автордың өтінімі қабылданды

Unico Play-лік Shabyt Lab: үш күнде елуге жуық жас автордың өтінімі қабылданды

Қысқаметражды фильмдерге арналған Shabyt Lab питчиңі өз жұмысын қарқынды бастады.

Алғашқы үш күннің өзінде Unico Play ұсынған байқауға елуден астам өтініш өткізілді. Берілген мүмкіндіктен қапы қалмауды көздеген Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас әрі амбициясы жоғары режиссерлер мен сценаристер өз жобаларын жіберуді бастап кетті.  Бұл олардың кино әлеміндегі алғашқы қадамдары. 

Shabyt Lab —  қысқаметражды фильмдерге арналған Қазақстандағы алғашқы питчиң жоба. Бастаманың ерекшелігі жұмыс барысында кино саласында еңбек етіп жүрген шеберлер жеңімпаздарға бағдар беріп, ментор ретінде жетекшілік етеді. Байқаудың көздеген мақсаты -алдағы уақытта  қазақ киноиндустриясында жаңа есімдердің пайда болуына және олардың дәл осы салада кәсіби өсуіне мүмкіндік беру. 

“Жас таланттардың дәл осылай ынта білдіруі дебюттік кино саласын дамытуға арналған платформалардың қаншалықты жоғары сұранысқа ие екендігінің тікелей көрсеткіші. Қатысушылардың шабыты бізді қатты қуантады. Еліміздің креативті индустриясына аталмыш жоба өзіндік үлесін қосады деп сенеміз”, - дейді Uni-Q Group компаниясының бас атқарушы директоры Анара Жунусова. 

Өтінімдерді қабылдау шілде айының 15-не дейін жалғасады. Ең үздік жоба авторлары кино саласындағы танымал менторлардан сабақ алып, олардың  жетекшілігімен және Unico Playдың  қолдауымен өз фильмдерін түсіруге мүмкіндік беріледі.  

Қатысушылардың жоғары белсенділігі  өзге де өтінім жіберуді көздеп отырған басқа үміткерлердің ынтасына кері әсер етпеукеректігін ұйымдастырушылар баса атап өтті. 

«Shabyt Lab есігі өзін көрсетуге дайын әрбір жанға ашық. Біз келіп түскен әрбір өтінімге баса назар аударамыз және елімізде талантты жастардың көп екеніне сенімдіміз. Бәсекелестіктен емес, өз мүмкіндігіңнен қапы қалудан қорқу керек!»,— деп атап өтті Анара Жунусова.

 Өтінімді ресми сайт арқылы бере аласыз: https://shabytlab.unicoplay.com/

TSARKA қолдауымен