Ресейде интернет бұғатталса, бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ресейде интернет бұғатталса, бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек Ресейде болуы мүмкін бұғаттаулар немесе ақаулар Қазақстандағы интернетке әсер етпейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның ғаламдық желіге қосылу үшін бірнеше балама бағыттары бар – Ресей, Қытай және басқа елдер арқылы. Сондықтан, егер Ресейде интернет толықтай бұғатталса да, Қазақстанда интернет қолжетімді болып қалады.

«Теориялық тұрғыдан алғанда, егер Ресейде интернет толықтай бұғатталса, бізде ғаламдық желіге қосылудың басқа жолдары бар», – деп атап өтті Оразбек.

Сонымен қатар, вице-министр «Қазақтелеком» компаниясы AzerTelecom-пен бірге Транскаспий интернет-кабелін салып жатқанын еске салды. Бұл желі интернет-трафикті бағыттаудың қосымша балама жолы болады.

Жоба бойынша құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, маршрут 2026 жылы іске қосылады.

TSARKA қолдауымен