Valve, Apple және Temu: 2025 жылы Қазақстандағы ең ірі ҚҚС төлеушілер
Цифрлық қызметтерге салық енгізілгелі бері шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге аударды. Оның ішінде 48,6 млрд теңге — 2025 жылдың үлесінде. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көп.
2025 жылғы ең ірі ҚҚС төлеушілер:
● Valve Corporation – 8,6 млрд ₸;
● Apple – 8 млрд ₸;
● Temu – 6,2 млрд ₸.
Қазіргі таңда Қазақстанда 118 шетелдік компания-нерезидент тіркелген.
2025 жылы оларға тағы 20 компания қосылды, олардың қатарында:
● Chess.com – шахмат әуесқойларына арналған халықаралық платформа;
● OpenAI, L.L.C. – ChatGPT сервисінің әзірлеушісі;
● Canva Pty Ltd. – онлайн-дизайн платформасы;
● Microsoft Ireland Operations Limited – Microsoft компаниясының бөлімшесі.
«Цифрлық ҚҚС»-тың енгізілуі Қазақстанға цифрлық саланы тиімді реттейтін елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік берді.