Visa мен Halyk She’s Next бастамасының төртінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда She’s Next бастамасының төртінші толқынына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған жаһандық бастама Қазақстанда Visa компаниясы мен Halyk серіктестігі аясында жүзеге асырылады.
2021 жылдан бері She’s Next бастамасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 мыңға жуық бастаушы және кәсібін жүргізіп жүрген кәсіпкер әйел қатысты. Алдыңғы толқындардың жеңімпаздары жалпы сомасы 29 млн теңгекөлеміндегі гранттарға иеленіп, бұл оларға жаңа бизнесбастамаларды іске қосуға және жұмыс істеп тұрғанжобаларын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Өз ісін дамытудағы немесе жеке кәсібін ашуды енді ғана ойлап жүрген әрбір әйел She’s Next бастамасына қатыса алады. Биыл бұл бұрынғыдан да оңай – She’s Next платформасында тіркеліп, бизнес-жоспар мен қысқаша видео-визитка жіберу жеткілікті.
«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – бұл тек экономикалық дамуға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Visa және Halyk жүзеге асырып жатқан She’s Next жобасы өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеді, және біз бұл бастаманың бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа толқын аясында біз ерекше назарды өңірлер мен моноқалалардан шыққан кәсіпкер әйелдерге, яғни, ірі қолдау бағдарламаларынан тыс қалып қоятын топтарға аударып отырмыз. Біз білім, менторлық қолдау және қаржыландыру мүмкіндіктері қатысушыларға өз бизнесін нығайтуға ғана емес, сонымен қатар өзге әйелдерге де алға ұмтылуға шабыт беріп, әлеуметтік және іскерлік ортаны өзгертуге, жергілікті қауымдастықтарды дамытуға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деп атап өтті Halyk Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Өтінімдер 7 тамызға дейін қабылданады. Сарапшылар комиссиясының іріктеу қорытындысы бойынша 30 финалистАлматы қаласында өтетін, жабық форматтағы екі күндік She’s Next Camp бизнес-интенсивіне жолдама алады. She’s Next Camp аясында қатысушыларды практикалық воркшоптар, білім беру сессиялары және жетекші қазақстандық сарапшылар тарапынан менторлық қолдау күтеді. Бұл кезең жобаларды қазылар алқасының алдында қорғауға дайындық болмақ. Жеңімпаздар өз бизнесін құру немесе дамыту үшін қаржылай гранттарға ие болады.
Биыл She’s Next бастамасы жаңа форматпен қатар, бизнес санаттарын да кеңейтіп отыр. Бұған дейінгі дәстүрлі «Бастаушы бизнес» және «Жұмыс істеп тұрған бизнес» санаттарына қоса, жаңа «IT-бизнес» бағыты енгізілді. Ол технологиялық бизнесті дамытып жүрген немесе болашақта жүзеге асыруды армандайтын кәсіпкер әйелдерге арналған.
«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – Visa үшін басым бағыттардың бірі. Біз әйелдер экономикалық үдерістерге белсенді түрде қатысып жатқан Қазақстанда She’s Next жаһандық бастамасының төртінші толқынын іске қосып отырғанымызға қуаныштымыз. She’s Next – бұл тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар білім, нетворкинг, шабыт және жан-жақты қолдау. Бұл әйелдерге өз ісін бастауға және дамытуға мүмкіндік береді. Біз бастаманың жаңа форматы экономиканы және қоғамды оң бағытта өзгертуге дайын қабілетті кәсіпкер әйелдерді одан әрі айқындауға мүмкіндік береді деп сенеміз », – деді Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.
Бастама үшінші жыл қатарынан «ASMAR»Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Қауымдастық елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етіп, жергілікті бизнес-қоғамдастықтарды қалыптастырады және әйелдерге білім, менторлық пен қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.
«She’s Next – бұл жай ғана байқау емес. Бұл – әсіресе өңірлер мен моноқалалардағы мыңдаған әйелдер үшін жұмыс істеп тұрған санаулы әлеуметтік лифтілердің бірі. Кәсіпкер әйел шағын қалада грант немесе жеңілдетілген несие арқылы өз ісін ашып қана қоймай, көршілеріне жұмыс орындарын құруы – елдің шынайы дамуының көрінісі. Осы бағдарлама аясындағы әрбір жетістікке жету оқиғасы басқа әйелдердің санасындағы тосқауылдарды жойып, жаңа үлгі боларлық рөлдік модель қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің Ассоциация ретіндегіміндетіміз – осы жетістікті бүкіл Қазақстан бойынша кеңінен таратуға көмектесу», – деп атап өтті «ASMAR»Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығы Президиумының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова.
Төртінші толқынға қатысу шарттары мен кезеңдері төменде сипатталған.
Бастаманың төртінші толқынына қатысушылар санаттары
1. Жұмыс істеп тұрған бизнес
2. Бастаушы бизнес
3. IT-бизнес
Жобаның кезеңдері
Тіркелу. Қазақстандық кәсіпкер әйелдер бастамаға қатысуүшін 23 маусым мен 7 тамыз аралығында She’s Next платформасында тіркелуі қажет.
Бизнес-жоспарлар мен видео-визиткалар. Тіркелу кезеңіаяқталғаннан кейін, 8 тамыз бен 22 тамыз аралығында әрбірқатысушы бизнес-жоспары мен ұзақтығы 2 минутқа дейінгівидео-визиткасын ұсына алады. Видео-визиткада кәсіпкер өзжобасы немесе идеясы туралы, мақсаттары мен мотивациясыжайлы айтып, неге дәл өзі She’s Next Camp-ке қатысуғалайық екенін түсіндіруі керек.
Финалистерді іріктеу. 23 тамыз бен 12 қыркүйекаралығында сарапшылар алқасы барлық жолданған бизнес-жоспарлар мен видео-визиткаларды қарастырады. Бағалаунәтижесінде әр санат бойынша он, жалпы 30 финалист іріктеліп, олар Алматыда өтетін She’s Next Camp-кешақырылады.
She’s Next Camp. 9–10 қазан күндері екі күндік бизнес-интенсив форматындағы финалдық іс-шара өтеді. Оныңбарысында қатысушылар білім алу бағдарламасынан өтіп, өзбизнес-жоспарларын питчингке дайындайды. She’s Next Camp-тің екінші күні қатысушылар өз жобаларын қазылар алқасының алдында қорғайды. Питчинг нәтижесі бойынша 7 жеңімпаз анықталады: «Жұмыс істеп тұрған бизнес» номинациясы бойынша 3 жеңімпаз, «Бастаушы бизнес» номинациясы бойынша 3 жеңімпаз, «IT-бизнес» номинациясы бойынша 1 жеңімпаз.
Жүлде қоры
«Жұмыс істеп тұрған бизнес» номинациясы
• 1 орын - 5 000 000 тг көлемінде грант
• 2 орын - 3 000 000 тг көлемінде грант
• 3 орын - 2 000 000 тг көлемінде грант
«Бастаушы бизнес» номинациясы
• 1 орын - 3 000 000 тг көлемінде грант
• 2 орын - 2 000 000 тг көлемінде грант
• 3 орын - 1 000 000 тг көлемінде грант
«IT-бизнес» номинациясы
• 1 500 000 тг көлемінде грант
• Сонымен қатар, жеңімпаз заманауи технологиялар зерттеліп, төлем жүйесінің болашағын өзгертетін шешімдер жетілдірілетін Visa-ның Дубайдағы инновациялық орталығына сапар шегеді.
Бастаманың жаңалықтары мен әр кезең бойынша хабарландырулар She’s Next ресми Telegram-арнасында, сондай-ақ Visa мен Halyk-тың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.