Visa Stay Secure: пайдаланушылар цифрлық төлемдерді қорғауда белсенді бола бастады

Visa компаниясының жаңа зерттеуі Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка (CEMEA) өңірінде тұтынушылардың цифрлық төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын белсенді қолданатынын және бұл саладағы хабардарлығының артқанынкөрсетті. Тоғыз жыл қатарынан өткізілетін Stay Secure атты зерттеуге CEMEA өңірінің 17 елінен 5 800 ересек адам қатысты. Нәтижесінде, 97% тұтынушыонлайн-транзакцияларға қатысты қорғау шараларын қолданатыны анықталды. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемдердің кеңінен таралуы аясында цифрлық сауаттылықтың артқанын көрсетеді.
Көптеген респонденттер кибералаяқтық қаупін түсінеді, оның ішінде сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 50%-ы алаяқтардың құрбаны болған. Дегенмен қауіпсіздік шараларын жиі қолдану және сенімді аутентификация әдістерін таңдау тұтынушылардың мінез-құлқының 2023 жылмен салыстырғанда оң өзгергенін көрсетеді. Адамдар күмәнді белгілерді жақсырақ тани бастады және онлайн-операциялардың түпнұсқалығын жиі тексереді, бұл олардың хабардарлығының айтарлықтай артқанын білдіреді. Мысалы, өңірде сауалнамаға қатысқан адамдардың 97%-ы онлайн-алаяқтықты анықтау бойынша білімдерінің жеткілікті екенін мәлімдеді (2023 жылы – 92%).
Зерттеу сонымен қатар өңірде цифрлық төлемдердің тұрақты өсімін дәлелдейді: респонденттердің 3/4 бөлігінен астамы қауіптерге қарамастан, цифрлық төлемдерге сенетінін айтты. Ал Қазақстандағы респонденттердің 47%-ы келесі жылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жиірек пайдалануды жоспарлап отыр.
Stay Secure зерттеуі тұтынушылардың өзгеріп жатқан таңдауларын көрсетеді, бұл Visa серіктестеріне сенім стратегияларын қалыптастыруға және клиенттерін алаяқтықтан қорғауға арналған оқыту материалдарын әзірлеуге көмектесе алады.
Visa Stay Secure зерттеуінің негізгі қорытындылары:
• Қазақстандық пайдаланушылардың 79%-ы онлайн-төлемдер жасаған кезде өздерін сенімді сезінеді, егер жеке басын растау үшін мәтіндік код енгізу немесе сатушы жіберген сілтеме бойынша өту қажет болса.
• Пайдаланушылардың 66%-ы смартфон қосымшалары арқылы мобильді төлемдерді артық көреді.
Қауіпсіз цифрлық болашақты қамтамасыз етуге арналған Visa міндеттемелері
Visa компаниясы төлемдер саласында жасанды интеллектті пайдаланудың алдыңғы қатарында тұр, ол соңғы он жылда жасанды интеллект пен деректер инфрақұрылымына $3,3 миллиард инвестициялады. 2024 жылы компания Visa Protect платформасы аясында жасанды интеллект негізінде үш жаңа шешім ұсынды. Олар шоттан шотқа (A2A) лезде аударымдар, карта арқылы онлайн-транзакциялар (CNP), сондай-ақ Visa желісінің ішінде және одан тыс жүргізілетін операциялар кезінде алаяқтық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Visa – әлемдегі ең ірі SaaS-платформа ретінде киберқылмыспен күреседі, озық құралдар мен сараптамалық білімді пайдалана отырып, алаяқтықты анықтау және болдырмау үшін тиімді процестерді қолданады.
Нәтижелері өздігінен көрсетіп отыр: соңғы жылы Visa $40 миллиард сомасындағы алаяқтық операциялардың алдын алды, 80 миллион күдікті транзакцияны бұғаттады және зиянды бағдарламаларды анықтау арқылы e-commerce секторында $122 миллион шығынның алдын алды.