WFC 2025 Қазақстанда: Орталық Азияда алғаш рет

WFC 2025 Қазақстанда: Орталық Азияда алғаш рет

23–26 қыркүйек аралығында Қазақстан Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Орталық депозитарийлердің дүниежүзілік форумын (WFC2025) қабылдайды. Бұл аймақ үшін маңызды оқиға және Қазақстанның әлемдік қаржы жүйесіндегі өсіп келе жатқан рөлі туралы жарқын белгі болып табылады.

Форум екі жылда бір рет өткізіледі және осы жылы Орталық депозитарий (KCSD) ұйымдастырады. Алматыда қаржы нарықтарының инфрақұрылымы саласындағы 250-ден астам көшбасшылар, сарапшылар мен басшылар жиналады. Қатысушылар арасында Clearstream, DTCC, ADB, WFE, ISSA, GLEIF, ICMA және басқа да әлемнің жетекші институттарының өкілдері бар.

Шараның Алматыда өтуі туралы шешім KCSD Басқарма Төрағасы Еділ Медеудің 2023 жылы Прагада өткен форумда WFC Кеңесінің төрағасы етіп сайлануымен алдын ала анықталды. Бұл шешім Алматының Орталық Азияның қаржы астанасы ретіндегі мәртебесін растады.

«WFC – бұл тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелер арқылы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін платформа. Ол пост-трейд индустрияның дамуын ынталандырып қана қоймай, қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды күшейте отырып, жаһандық трендтерді қалыптастырады. Біз WFC2025 Алматыда өтетінін мақтан тұтамыз», – деп атап өтті Еділ Медеу.

2025 жылғы Форумның негізгі тақырыбы — «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийлерінің эволюциясы: пост-трейдингтік инфрақұрылымның қиындықтары, мүмкіндіктері және болашағы».

Бағдарлама жоғары деңгейдегі жеті пленарлық сессияны және танымал сарапшылардың үш практикалық кейс-презентациясын қамтиды. Сессия аясында ең жаңа технологиялар, реттеуші тәсілдер, жүйелік тәуекелдерді басқару, трансшекаралық нарықтардың интеграциясы және тез өзгеретін қаржылық орта жағдайында орталық депозитарийлердің даму жолдары сынды тақырыптар қамтылады.

Барлық сессияларға әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық депозитарийлер мен жетекші қаржы институттарының өкілдері қатысып, әлемдік капитал нарықтарының болашағын қалыптастыратын тәжірибелерімен, инновациялық шешімдерімен және реттеу бойынша әдіс-тәсілдерімен бөлісетін болады.

WFC бүкіл әлем бойынша 135-ке жуық ұйымның өкілі болып табылатын бес аймақтық орталық депозитарийлер қауымдастығын біріктіреді:

● Орталық депозитарийлердің Азия–Тынық мұхиты қауымдастығы (ACG)

● Америкалық орталық депозитарийлердің қауымдастығы (ACSDA)

● Еуразиялық орталық депозитарийлердің қауымдастығы (AECSD)

● Еуропалық орталық депозитарийлердің қауымдастығы (ECSDA)

● Африка мен Таяу Шығыстың орталық депозитарийлер қауымдастығы (AMEDA)

Форум жүйелік тәуекелдерді басқару, цифрландыру және пост-трейд инфрақұрылымының архитектурасын дамыту мәселелері бойынша стратегиялық диалог үшін негізгі халықаралық алаң болып табылады.

KCSD озық технологияларды енгізе отырып, халықаралық стандарттарды ескере және нарыққа қатысушылар үшін тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірде бағалы қағаздар бойынша сенімді сақтау және бүкіл өңірде қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның өңірлік есепке алу–есеп айырысу хабы ретіндегі ұстанымын дәйекті түрде нығайтады.

Тіркелу және бағдарламаның егжей-тегжейлері: wfc2025.kz

TSARKA қолдауымен