Women in Tech енді Қазақстанда
2024 жылдың 4 қыркүйегінде Алматы қаласында Women in Tech Қазақстан бөлімшесі ресми түрде ашылды. Бұл бөлімше әйелдерді технологиялар саласында ілгерілетуге бағытталған жаһандық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Women in Tech —әлемдегі ең ірі ұйым, ол 50-ден астам елден 250 000-нан астам қатысушыны біріктіреді.
Іс-шараға 150-ден астам оффлайн және 100-ден астам онлайн қатысушы жиналды. Ресми ашылу салтанатына Women in Tech Global басшысы, технологиялық дипломат,ЮНЕСКО-ның гендерлік алшақтықты қысқарту жөніндегі Халықаралық сарапшылар кеңесінің мүшесі, Forbes Women ТОР40 тізіміндегі Аюми Мур Аоки қатысты. Өз сөзінде Аюми қыздарды STEAM саласында шектеусіз дамыту, қауымдастық пен жаһандық желінің маңыздылығын атап өтті.
Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, UN Women кеңсесі қолдады. Спикерлер мен қонақтар қатарында танымал кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, компаниялардың басшылары, өнер мен спорт қайраткерлері болды. Іс-шара барысында менеджмент 2.0, әйелдердің басқарушылық қызметтер мен венчурлық индустриядағы өкілдігі, мотивациялық және стартап оқиғалары сияқты тақырыптар қарастырылды. Іс-шара гендерлік теңдік жағдайында өтті, бұл тек спикерлер арасында ғана емес, сондай-ақ қонақтар арасында да көрініс тапты, бұл теңдік пен инклюзивтілік идеяларын ұстанатынымызды және қоғамға маңызды мәселелерді шешуге бірге үлес қоса алатынымызды білдіреді. Сонымен қатар, іс-шара аясында барлық қатысушылар Women in Tech Қазақстан Қадағалау кеңесінің мүшесі Әсел Тасмағамбетованың шақыруымен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының эко-зертханасын аралады.
Women in Tech Қадағалау кеңесіне Жанат Бердалина, Ляззат Сатиева, Әсел Тасмағамбетова, Дина Амришева, Динара Шукижанова, Күләш Байсеитова, Ельдар Абдразаков, Мұрат Абдрахманов, Әлина Алдамберген сияқты сарапшылар кірді.
Осы қозғалыстың бір бөлігі болу үшін Women in Tech Kazakhstan платформасында тегін тіркелу жеткілікті. Жақын арада университеттерде қонақ дәрістері, техникалық митаптар, Women in E- commerce бизнес-таңғы асы және қыздарға арналған жаңа мүмкіндіктерді құруға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.